Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өзегі, халықтың басты белгісі» тақырыбындағы онлайн семинары

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өзегі, халықтың басты белгісі» тақырыбындағы онлайн семинары

 

2020 жылдың  4 қыркүйек күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» институты мен Филология факультеті Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өзегі, халықтың басты белгісі» тақырыбындағы республикалық онлайн семинар өткізді.

Семинар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, тіл мәдениетін жетілдіруді насихаттау, ұлтық құндылықтарымызды дәріптеу, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасының руханиятымыздағы құндылығы мен бүгінгі ұрпақтың тәлім-тәрбиесіндегі маңызын талқылау мақсатында оздырылды.

philfac2.jpg - 182.05 kB

Онлайн ZOOM бағдарламасы арқылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Негимов Серік «Қазақы сөз түрлеудің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» тақырыбында, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Тілешов Ербол Ердембекұлы «Қазақ жазуы және жаңа латын негізіндегі әліпби» тақырында баяндама оқыса,     М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы «Түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиесілі» (Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тіл қасиеті хақындағы ойлары) және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы «Алаш зиялылары және ұлттық мүдде» тақырыбындағы баяндама жасады.

 

 

 

 


Print