«Тіл – аманат» акциясы

«Тіл – аманат» акциясы

 

til3.jpg - 212.13 kB

2020 жылдың  5 қыркүйек  Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тапсырысы негізінде орталық Абай алаңында облыс және қала тұрғындары арасында тіл мерекесіне орай «Тіл - аманат» акциясын ұйымдастырды.

Акция «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тілдер фестивалі аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай оздырылды. Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан облыс, қала тұрғындарын Қазақстан халқы тілдері мерекесімен құттықтап, көпшілікке ұлттық құндылықтарға, А.Құнанбайұлы шығармашылығына қатысты сұрақ-жауап ойындарын өткізіп, белсене қатысқан  тұрғындарға арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ алаңдарда өлкеміздің өнерлі жастары өз өнерлерін паш етіп, Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінді оқып, тұрғындарды мемлекеттік тілде сөйлеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды.

Акция барысында қазақ филологиясы кафедрасының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері Матышева Жанерке мен Қуандық Гүлназ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Берікқали Сауат, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Батырғалиева Айгерім, «Филология: қазақ тілі» мамандығының 4-курс студенті Кінамаев Ернұр хакім Абай туындыларынан үзінді оқыды.


Print