ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ – 2021

2021 жылы 26 сәуір күні қазақ филологиясы кафедрасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын университетішілік студенттер мен магистранттардың «Жастар және ғылым – 2021» атты ғылыми конференциясы оздырылды.

Конференция үш секция: «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Тіл білімнің өзекті мәселелері», «Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі» бойынша жүргізілді.

«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» секциясына барлығы 25 баяндамашы, «Тіл білімнің өзекті мәселелері» секциясына 8 баяндамашы, «Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі» бөліміне 8 баяндамашы тіркеліп, ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн ғылыми-баяндамаларын қорғады.

Университетішілік байқау комиссиясының шешімі бойынша «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» секциясында жүлделі орынға ие болған ғылыми жұмыстардың тізімі:

І орын – «Қазіргі қазақ поэзиясындағы жалғыздық мотиві (Т.Әбдікәкімов поэзиясы хақында)» атты тақырыбында жазылған 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 1-курс магистранты А.Қуанышевтің ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: философия докторы PhD, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры (доцент) А.А.Ақбулатов.

ІІ орын – «Р.Отарбаев прозасындағы образдардың портреттік, психологиялық суреттеу ерекшеліктері» атты тақырыбында жазылған 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 1-курс магистранты А.Бақиевтің ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: философия докторы PhD, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры (доцент) А.А.Ақбулатов.

ІІ орын – «Әдеби туындыда заттық әлемді эстетикаландыруда поп-арттың көркемдік қызметі» атты тақырыбында жазылған 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 1-курс магистранты Ж.Харисованың ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры (доцент) Р.Б.Сұлтанғалиева.

ІІІ орын – «Неомодернистік сипаттағы авангардистік бағыттың прозалық туындыдағы көркемдік сипаты» атты тақырыбында жазылған 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 1-курс магистранты А.Қайырғалиеваның ғылыми жұмысы.  Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры (доцент) Р.Б.Сұлтанғалиева.

ІІІ орын – «От пен судың ертегі жанрындағы қызметі» атты тақырыбында жазылған 5В020500 – «Филология: қазақ тілі»  білім беру бағдарламасында білім алушы 4-курс студенті А.Төремұратованың ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Н.К.Ахатова.

ІІІ орын – «Экологиялық мәдениеттің әдеби шығармаларда көрініс табуы» атты тақырыбында жазылған 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 3-курс студенті А.Абсалямованың ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Г.Г.Тұрғаналиева.

Алғыс хатпен:

  1. «Детективтің жанр ретінде қалыптасуына Батыс классиктерінің рөлі» атты тақырыбында жазылған 5В020500 – «Филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламасында білім алушы 4-курс студенті Ж.Альмурзинаның ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Н.К.Ахатова.

 «Тіл білімнің өзекті мәселелері» секциясында жүлделі орынға ие болған ғылыми жұмыстардың тізімі:

         І орын – «Қазіргі қазақ тіліндегі біріккен сөздердің этимологиясы» атты тақырыбында жазылған 5B020500 – «Филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті  Г.Каримоллинаның ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент А.Ә.Ниязғалиева.

         ІІ орын – «Р.Отарбаев шығармаларындағы эспрессия мен эмоцияны білдірудің тілдік құралдары» атты тақырыбында жазылған 5B011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасының 4-курс студенті А.Отарбаеваның ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қ.Ғ.Аронов.

         ІІІ орын – «Қазақ тіліндегі көне сөздердің тілдік сыр-сипаты (жыраулар поэзиясы негізінде)» атты тақырыбында жазылған 5B011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасының 4-курс студенті  Қ.Аманғосованығ ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қ.Ғ.Аронов.

«Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі» бөлімі бойынша жүлделі орынға ие болған ғылыми жұмыстардың тізімі:

І орын – «Қазақ шығармалары арқылы инклюзивті білім беру» атты тақырыбында жазылған 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 3-курс студенті С.Берікқалидың ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Г.Г.Тұрғаналиева.

ІІ орын – «Әдеби шығармалар арқылы оқушыларға мотивация беру жолдары» атты тақырыбында жазылған 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 3-курс студенті Қ.Файзуллинаның ғылыми жұмысы.  Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Г.Г.Тұрғаналиева.

ІІ орын – «Кестелі «Рухани жаңғыру» (Жаңа ұрпақты ұлттық рухани құндылықтарға баулу ісі)» атты тақырыбында жазылған 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 3-курс студенті А.Бақытжанованың ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор А.С. Қыдыршаев

ІІІ орын – «Кестелі Абайтану (Абай Құнанбайұлы рухани ұстаз үлгісінде)» атты тақырыбында жазылған 5В020500 – «Филология: қазақ тілі»  білім беру бағдарламасында білім алушы 4-курс студенті Ж.Қабдірахимованың ғылыми жұмысы.  Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор А.С. Қыдыршаев.

ІІІ орын – «Кестелі әл-Фарабитану (Ғұлама ғалым әл-Фарабидің ағартушылық-риторикалық тұжырымдары негіздері)» атты тақырыбында жазылған 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасында білім алушы 3-курс студенті Г.Махсутованың ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: А.С. Қыдыршаев, п.ғ.д., профессор


Печать