Әліпбиді өзгерту – уақыт талабы

2020 жылдың 6 қараша күні Филология факультетінің ұйымдастыруымен қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Аронов Құспан Ғұмарұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» жобасы бойынша «Әліпбиді өзгерту – уақыт талабы» тақырыбында университеттің профессор-оқытушыларына арналған онлайн семинар сабақ жүргізілді.

Латын  әліпбиіне көшу  Қазақстанның  әлемдік ақпараттық кеңістікке енуін жеңілдетіп, тұрмыс пен әлеуметтік өмірді компьютерлендіру сияқты келелі мәселелерді  жүйелі түрде шешіп отыратыны айқын. Яғни бұл  іс-шараның  өзекті екенін көрсетеді.  Сондықтан алғашқы күннен бастап басқарма  тарапынан  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

Университетімізде ұйымдастырылған семинар сабақ барысында латын әліпбиіне көшудегі басты алғышарттар түсіндіру бағытында 2017 жылдан бастап енгізілген латын негізіндегі әліпби жобалары таныстырылып, жаңадан жарияланған емле жобасы талқыланды. Семинар әрі қарай профессор-оқытушылардың жекелеген ұсыныс-пікірлері негізінде өрбіді. Оқытушылар бірауыздан барлық факультет студенттеріне «Латын графикасына негізделген қазақ тілі» пәні жүргізілуі керек деген ұйғарымға келді.

 


Печать