Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламаларының жетекшісі
Турганалиева Ганмиркун Ганмирхановна
Кафедра тарихы
Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасы қазақ және орыс филологиясы кафедраларының негізінде құрылды. Қазақ филологиясы кафедрасының қалыптасу және даму тарихы Орал педагогикалық институты құрылған 1932 жылдан басталады. Кафедраның алғашқы меңгерушілерінің бірі, қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, республикадағы тұңғыш доктор, академик Қажым Жұмалиев болды. Бұл кафедрадан қазір республиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін белгілі жазушылар, тілшілер шықты. Бүгінгі таңда ұжым әрдайым көрнекті ғалымдарды, оқытушыларды еске алады және құрметтейді. Олар: С. Ақмұрзин, А.Көшімбаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Атымов, Н.Бисенғалиев, Ә.Нарымбетов, О.Төлегенов, Б.Әбілқасымов, Ғ.Әбуханов, М.Тілеужанов, Қ.Мырзағалиев, М.Ж.Жолдықайырова, С.Ғ.Шарабасов, О.Бүркітов және т. б. Өздерінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, қазақ филологиясы ғылымында ойып тұрып орын алар ұстаздар Р.Қ.Мұхамбетқалиева, Ұ.Е.Ержанова, А.Ә.Ниязғалиева қазіргі таңда еңбек демалысында, көп жылғы еңбектің зейнетін көруде.
Тоқсан жылдан астам тарихы бар бөлімде бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде халықтың игілігі үшін еңбек етіп жүрген мыңдаған түлектер оқыды. "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша ақындар мен жазушылар – Ж.Набиуллин, А.Нариков, Р.Отарбаев, Ғ.Сейтақ, А.Шахин, М.Шуйншалиева, сондай-ақ айтыс ақындары – Ш.Қыдырниязова, М.Қосымбаев, Д.Муштанова, Ж.Болтанова, Н.Кәрімова, Ж.Мусина, Т.Мықи бітірді. Бұл күні бөлімде Ақұштап Бақтыгереев атындағы ақындар мектебі және ақын аудиториясы жұмыс істейді.
Университеттің жоғары филологиялық білімі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлау, ғылым, білім және өндіріс бірлестігі базасындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие қызметін бірге жүзеге асыру – кафедраның негізгі мақсаты болды. Кафедраның миссиясы: бәсекеге қабілетті, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиеге қабілетті отандық және халықаралық өлшемдерге сәйкес келетін мамандарды даярлау, сондай-ақ ғылыми-зияткерлік және ақпараттық-мәдени ортаны қалыптастыру.
Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасы төмендегідей білім беру бағдарламаларын қамтиды:
В016-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау
6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
6В01711 – Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі
6В01715 – Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау
6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті
6В01704 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
6B01716 – Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР)
6B01708 – Орыс, қазақ тілдері мен әлем әдебиеті
6B01707 – Орыс тілі, ағылшын тілі, әлем әдебиеті
7M01703 – Орыс тілі мен әдебиеті
7M01704 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
Кафедрада 2004 жылдан бастап магистратура жұмыс істейді. Қазақ филологиясы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамында негізінен ғылыми дәрежесі бар, Түркия, Ресей (Татарстан, Башқұртстан) ғалымдарымен шығармашылық байланысы бар мамандар жұмыс істейді.
Кафедраның міндеттері – білім беру бағдарламаларын іске асыру; білім беруді ақпараттандыру бағытында инновациялық саясат жүргізу, білім берудің жаңа әдістерін енгізу; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау БББ 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау БББ 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Қазақ филологиясы кафедрасының жұмыс жоспары
Қазақ филологиясы кафедрасының 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары
Қазақ филологиясы кафедрасының 2020-2021 оқу жылына арналған кәсіби бағдар жұмысының жоспары


