Филология факультеті

Факультет басшылығы

Ақболатов Айдарбек Ахметұлы
Филология факультетінің деканы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор, доцент
Наби Али Ғаббасұлы
Филология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, оқытушы, магистр
Аханова Альбина Сансызбаевна
"Тіл,әдебиет және ақпарат " БББ оқытушысы, филология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары

 

Акбулатов Айдарбек Ахметович – филология факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор, РһD доктор

Наби Али Ғаббасұлы – оқу-ісі жөніндегі деканның орынбасары, оқытушы, магистр,

Аханова Альбина Сансызбаевна – тәрбие және әлеуметтік мәселелер бойынша деканның орынбасары, оқытушы, магистр

Факультеттің студенттік деканы: Рената Нұрлыбекқызы – «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ ІІІ курс студенті

Жылдар бойы жинақталған ең озық салт-дәстүрлерді, білім мен инновацияны басшылыққа ала отырып, филологиялық білімнің аймақтық орталығына айналу.

МИССИЯСЫ – білім беру, гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары кәсіби мамандарды дайындау.

ФАКУЛЬТЕТ СТРАТЕГИЯСЫ: миссия, пайым және БҚУ даму басымдықтарымен анықталады:

  1. Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау;
  2. Университетті аймақтық ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қалыптастыру;
  3. Кадр әлеуетін және басқару жүйесін дамыту;
  4. Инфрақұрылымды және материалдық-техникалық базаны дамыту.

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. Білім қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету арқылы:

- нұсқаулар, курстық және дипломдық жұмыстар, магистрлік диссертациялар арқылы сабақты сапалы өткізу;

- оқу жоспарларын жетілдіру;

- белсенді оқыту әдістері, ақпараттық технологиялар, мультимедиялық оқыту құралдарын енгізу;

- білім беру бағдарламаларында ғылыми бағыттар және ғылыми-зерттеу үйірмелері арқылы жұмыс істеу кезінде инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру.

  1. Білім алушылардың азаматтық қалыптасуы үшін жағдай жасау.
  2. Жетекші шетелдік ЖОО-мен ынтымақтастықты кеңейту.
  3. Жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату.
  4. ПОҚ ғылыми әзірлемелерін коммерциялау.
  5. Магистратура және докторантура арқылы ПОҚ біліктілігін арттыру.
  6. Шетелдік мамандарды тарту.
  7. Қазіргі заманғы оқу-зертханалық базаны және әлеуметтік инфрақұрылымды құру.
  8. Ғылыми зерттеулер мен оқытуды ақпараттандыру.

ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ:

Біліктілігі жоғары және орта білім беру реформасын іске асыру үшін филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы белсенді атсалысады:

- ЖОО-ның кәсіби бағытта оқытудың әр пәні бойынша оқу жоспарын күшейтеді;

- студенттердің танымдық қызметін белсендіру мақсатында педагогикалық мамандығын меңгертіп, таныстыру; оларды қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен, білім беру мәселелерін жүргізіп, тақырыптық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу;

- оқушылардың ғылыми жобаларын басшылық жүзеге асырады;

- мамандандырылған мектептерде сабақтар өткізуге бағдарламаларды әзірлеу;

- мектептерде ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін педагогтар мен оқушылар кеңестік көмек көрсетеді;

- оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуына көңіл бөлу, олармен сабақ және консультациялар ұйымдастыру;

- аралық мемлекеттік бақылау жүргізу, кеңестер, қосымша сабақтар дайындығын бақылау;

- магистратура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;

- студенттер, магистранттар дайындау;

- мемлекеттік маңызды ғылыми-кешенді және өңірлік бағдарламаларды орындау;

- облыстық БАИ және ӨБҚ бірлесіп мұғалімдер біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жұмыс жүргізеді.

Факультет құрамы:

«Тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы

«Шетел тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы

«Тіл, әдебиет және ақпарат» білім беру бағдарламасы

Қазіргі уақытта филология факультетінде бакалавриаттың 16 білім беру бағдарламасы магистратураның 6 білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүзеге асырылуда.

Филология факультетінің білім беру бағдарламалары

БАКАЛАВР

 

МАГИСТРАТУРА

 

1.         6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

2.         6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі

3.         6В01715 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

4.         6B01703 Орыс тілі мен әдебиеті

5.         6B01704 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

6.         6В01716 Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)

7.         6B01708 – Орыс, қазақ тілдері мен әлем әдебиеті

8.         6B01707 – Орыс тілі, ағылшын тілі, әлем әдебиеті

9.         6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі

10.     6В01713 Ағылшын тілі (ІР)

11.     6В01714 Шетел тілдері (IP)

12.     6B02301 Филология: қазақ филологиясы

13.     6B02302 Филология: орыс филологиясы

14.     6В02304 Филология: қазақ тілі және түрік тілі

15.     6В03201 – Кітапхана ісі

16.     6В03207 Кітапханалық-педагогикалық қызмет

1.    7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

2.    7M01703 Орыс тілі мен әдебиеті

3.    7M01704 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

4.    7M01705 Шетел тілі: екі шетел тілі

5.    7M01709 Шетел тілі: екі шетел тілі (1,5 жыл)

6.    7М02301Филология: қазақ филологиясы

 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТАРИХЫ

Филологиялық пәндерді оқыту институтының құрылу кезеңінен басталады. 1934 тіл және әдебиет факультеті құрылып, оны В.С.Бойко басқарды. Сондай-ақ ол тіл, әдебиет кафедрасына жетекшілік етті.

1936 жылы факультет құрамында екі кафедра (каф. меңг. П.Т.Иванов) және әдебиет кафедралары болды. Факультет қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауды жалғастырды.

1938 жылы тіл кафедрасынан үшінші қазақ тілі кафедрасы бөлініп шықты, оны М.Қалқаров басқарды. Бір жылдан кейін факультетте аспирантура ашылды. Аспирантураға орыс тілі кафедрасының меңгерушісі К.А.Утехин жетекшілік етті.

1942 жылы филология факультеті тарих факультетімен біріктіріліп, декан ретінде Ф.Н.Серов тағайындалды. Соғыс уақытының қиын күндерінде Ф.Н.Серов оқу-тәрбие үрдісін ғана ұйымдастырушы емес, сонымен қатар соғыс жағдайына қатысты және соғыстың зардаптарын қалпына келтіру мақсатындағы көптеген жұмыстардың басы-қасында болды. Бұл жылдары студенттердің мамандықтары, оқу жоспарларында өзгерістер жүрді. 50-жылдары тарих факультеті жабылып қалды, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына студенттер жиналмады. 1956 жылы факультетте 5 жылдық оқу үрдісі енгізілді. Көп профильді және орыс тілі мен әдебиеті, тарих, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі әдебиеті, тарих тәрізді. Факультет «Тарих филология» аталып, институттағы ең ірі орталық болды. Ф.Н.Серов 1962 жылға дейін декандық қызмет атқарды.

Оқытушылар саны бірте-бірте арта түсті, соның ішінде ғылыми дәрежесі бар кандидаттар көбейді. С.А.Ахмурзин, Г.А.Абуханов, Н.М.Малеча, М.М.Тілеужанов, Е.Е.Самеринский, Н.И.Фокин, т.б. кандидаттық диссертацияларын қорғады. КСРО ҒА-ның тапсырмасымен диалектологиялық атлас бойынша жұмыс жасалып, фольклорлық-диалектологиялық практика енгізілді.

1962 жылы факультет декандығына М.М.Тілеужанов тағайындалды. Ол өзінің әріптестеріне талапшылдығы мен қаталдығы арқылы көрінсе, студенттерге жылылық, әкелік қамқорлықпен қарады. М.М.Тілеужановпен бірге оқу үрдісін ұйымдастыру жұмыстарында декан орынбасарлары М.Қадырбергенов, Е.Н.Коротин де атсалысты. Жаңа оқу жоспарлары мен жаңа мамандықтардың енгізілу ісіне олардың қосқан үлесі ерекше болды (1964 жылы шағын профильді мамандықтарға 4 жылдық оқуға қайта көшті). 60-жылдары факультет оқуы жоғары көрсеткіштерге жетті. Сол жылдары түлектер үздік білімділігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытты. Олардың қатарында Н.П.Скачкова, Н.А.Қау (комсомол комитетінің мүшелері), М.Егоров (әдебиет кафедрасының оқытушысы), В.Афанасьев (кейін т.ғ.к.), Н.М.Шербанов, Н.С.Жигалин, К.К.Шанцев, С.Сапарғалиев, К.А.Алеулов, А.П.Анищенко т.б көптеген студент-жастарды ерекше атауға болады. Комсомол ұйымында А.Востряков, А.Молинников, С.Сапарғалиевтер институттың студенттік кәсіподағының өкілдері болса, А.Т.Усов институт комсомол комитетінің хатшысы болды.

60-жылдардың 2-ші жартысында А.И.Белдин жетекшілігімен құрылған студенттік театр күш жинап, танымал бола бастады. Кейін оны М.В.Чеченко қызмет етті. Бұл театр «Халықтық театр» атағын алып, жалпыресейлік театр қоғамының картотекасына кірді. Мұнда басты рольдерді Ветеляна Клейменова ұсынысымен Ташкенттегі Москва театр институтына қабылданды. Ю.Любимовтың ойында ойнады.

1962 жылы факультетте шетел тілдері бөлімі ашылды. Шетел тілдері бөлімі ашылған кезеңге дейін облыста жоғары білікті бірде-бір маман болмады.

Ағылшын тілі кафедрасы құрылды (каф. меңг. Г.И.Стамбкова, келесі оқу жылында Б.И.Лихобабин). 1966 жылы тарих-филология факультетінің құрамынан шетел тілдері факультеті өз алдына факультет ретінде бөлініп шықты. 80-90 жылдары ол тарих-филология факультетінің құрамына кірді (декан, доцент А.П.Анищенко, декан орынбасарлары Б.Г.Буксбаум).

Жоғарыда көрсетілген барлық өзгерістер филология факультетімен байланысты. 1975 жылы тарих және педагогика факультеті бөлінді. Мамандар даярлау орыс және қазақ филологиясы бойынша жүргізілді, оның ішінде ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауға көп көңіл бөлінді. Факультет деканы тарих ғ.к. Ж.Р.Сериков болады.

80-жылдардың 2-ші жартысында факультеттерді ірілендіру қолға алынып, күндізгі оқу бөлімінде 1200 студенттен тұратын тарих-филология факультеті қайта құрылды. Бұндай ірі әрі мамандықтар саласында үлкен айырмашылықтары бар факультетті басқару өте күрделі болатындықтан, тарих және филология факультеттерінің бөлінуі өзінен-өзі жүрді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына сұраныстың артуына қарай, 90-шы жылдары филология факультеті қазақ филологиясы (декан, доцент С.Г.Шарабасов) және орыс филологиясы (декан, доцент Н.С.Жигалин) болып екіге бөлінді. 90-жылдар ортасында факультеттер қайта біріктіріліп, сол кезеңнен филология құрамына шетел тілдері бөлімі енгізілді (декандар: С.Г.Шарабасов, Ж.С.Серіков, Ж.Ж.Шайкенов, А.С.Қыдыршаев).

Мекен-жай: Н.Ә.Назарбаев даңғылы, 162.
Телефон: 8 (7112) 513-062
Факс: 8 (7112) 514-266

Instagram/@bqu_filologia

www.tiktok.com/@bqu_filfak

 


Басып шығару