«Толқын» музыкалық ұйымы

«Толқын» ән ұйымы – студенттердің музыкалық қабілеттерін дамытуға және ән өнерін насихаттауға бағытталған шығармашылық ұжым. Ұйым жастардың сахналық мәдениетін қалыптастырып, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, ұйым мүшелері арасында достық қарым-қатынас орнатып, бірлескен шығармашылық орта қалыптастырады.

Ұйымның негізгі мақсаты – жастардың музыкалық қабілеттерін дамыту, ән айту өнеріне баулу және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру.

«Толқын» ұйымының негізгі міндеттері:

  • ән айту өнерін дамыту және насихаттау;
  • түрлі музыкалық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру;
  • қатысушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау;
  • студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттыру;
  • сахналық тәжірибесін жетілдіру.

«Толқын» ән ұйымы оқу жылы барысында бірқатар мәдени және музыкалық іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда:

  • университетішілік концерттерге белсенді қатысып, көрермендерге әсем әндер ұсынды;
  • ұйым мүшелерінің қатысуымен «Сен мен Сәт» атты акустикалық кеш ұйымдастырылып, гитара сүйемелдеуімен танымал әндер орындалды;
  • түрлі мерекелік концерттерде өнер көрсетіп, іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.

«Толқын» ұйымы алдағы уақытта да студенттердің музыкалық қабілеттерін дамытып, өнерге деген қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастырады. 


Басып шығару