«Шамшырақ» шығармашылық ұжымы – студенттердің әдеби және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған ұйым. Ұжым сөз өнерінің құдіретін танытып, жас қаламгерлердің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға ерекше мән береді. Әрбір жүрекке поэзияның шырағын жағып, әдебиетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру – ұйым қызметінің басты өзегі.
Ұйымның негізгі мақсаты – сөз өнерін дәріптеу арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру, жас таланттарды қолдау және поэзия мен әдебиетке қызығушылықты дамыту.
«Шамшырақ» шығармашылық ұжымы келесі міндеттерді жүзеге асырады:
- университеттің мәдени өмірін жандандыру;
- шығармашылық орта қалыптастыру;
- жас қаламгерлерге қолдау көрсету;
- әдеби-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және дамыту.
Ұжым оқу жылы барысында бірқатар маңызды мәдени және әдеби іс-шараларды жүзеге асырды:
- қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын «Жетексіз жетім» атты қойылым сахналанды;
- Жұбан Молдағалиев атындағы мамандандырылған кітапхана ұйымдастырған «Рухани уақыт: поэзия әлемі, проза шыңы» жобасына қатысып, «Ең үздік оқу орны» атағын иеленді;
- «Махаббат бекеті» тақырыбында поэзиялық кеш ұйымдастырылды.
«Шамшырақ» шығармашылық ұжымы алдағы уақытта да әдебиет пен өнерді насихаттап, студенттердің шығармашылық дамуына өз үлесін қоса бермек.








