«Ақ жүрек» ұйымы – қайырымдылық пен еріктілік қызметін негіз еткен қоғамдық ұйым. Ұйым атауының өзі мейірімділік, адалдық және жанашырлық сияқты асыл қасиеттерді білдіреді. Осыған орай, ұйым қызметі де адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
«Ақ жүрек» ұйымының негізгі мақсаты – қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты дамыту, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және жастарды еріктілік қызметке тарту. Сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерге қоғам назарын аударып, бейжай қарамауға тәрбиелеу болып табылады.
Ұйым өз қызметінде келесі міндеттерді жүзеге асырады:
- қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру;
- көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету;
- қарттар үйі мен балалар үйіне барып қолдау білдіру;
- жастарды қоғамдық және әлеуметтік іс-шараларға тарту;
- экологиялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.
«Ақ жүрек» ұйымы оқу жылы барысында бірқатар қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда:
- «Қайырымдылық жәрмеңкесі» акциясы ұйымдастырылды;
- мұқтаж жандарға қаржылай және азық-түлік түрінде көмек көрсетілді;
- тазалық акциялары (сенбіліктер) өткізілді;
- күз мезгілінде адамдарға қолдау көрсету мақсатында жылы жүзбен қарсы алып, олардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған акция ұйымдастырылды;
- еңбек адамдарына (жұмысшыларға) кофе мен тәттілер таратылып, ризашылық білдірілді.
«Ақ жүрек» ұйымы алдағы уақытта да қайырымдылық қызметін жалғастырып, қоғамдағы мейірімділік пен өзара қолдау мәдениетін нығайтуға үлес қосуды мақсат етеді.






