«Shabyt» ұйымының негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық және тұлғалық дамуына қолдау көрсету, түрлі іс-шаралар арқылы олардың белсенділігін арттыру. Сонымен қатар, ұйым еркін қарым-қатынас орнатуға, жаңа таныстықтар құруға және бірлесе дамуға мүмкіндік береді.
Ұйымның міндеттері – мәдени және зияткерлік бағыттағы іс-шараларды жүйелі түрде өткізу, жастардың белсенді қатысуын ынталандыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету, сондай-ақ қатысушылар арасында ашық, еркін және өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас ортасын қалыптастыру.
«Shabyt» ұйымы оқу жылы барысында бірқатар мәдени және зияткерлік бағыттағы іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда:
- 8 желтоқсан күні факультет белсенділері арасында «Мафия» ойыны өткізілді
- 29 қаңтарда синергиялық студенттерді қарсы алу кеші ұйымдастырылып, іс-шараның безендірілу жұмыстары толықтай жүзеге асырылды
- 4 ақпанда «Happy Chocolate Day» мерекелік іс-шарасы кең;
- 6 наурыз күні факультеттер арасында «Sansay» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Shabyt» ұйымы факультет ішінде өткізілген әрбір іс-шараның безендірілу жұмыстарын атқарып, олардың жоғары деңгейде өтуіне елеулі үлес қосты







