FEEL GIRLS» заманауи би тобы

«FEEL GIRLS» ұйымы – университет пен факультет деңгейінде заманауи биді дамытуға бағытталған шығармашылық ұжым. Ұйым студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Ұйымның негізгі мақсаты – факультет және университет көлемінде заманауи биді дамыту, студенттер арасында би мәдениетін насихаттау және шығармашылық орта қалыптастыру.

«FEEL GIRLS» ұйымының негізгі міндеттері:

  • студенттерді би өнеріне тарту;
  • заманауи би бағыттарын дамыту және насихаттау;
  • түрлі мәдени іс-шараларға белсенді қатысу;
  • университеттің шығармашылық өміріне үлес қосу;
  • студенттердің сахналық тәжірибесін арттыру.

«FEEL GIRLS» ұйымы оқу жылы барысында бірқатар маңызды іс-шараларға қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Атап айтқанда:

  • «Студенттік көктем» фестиваліне белсенді қатысып, көрермендерге жарқын қойылымдар ұсынды;
  • университетішілік және факультетішілік түрлі мәдени шараларда өнер көрсетті;
  • «FF премиясы» сияқты мерекелік және марапаттау кештерінде би қойылымдарын сахналады;
  • басқа да әртүрлі мәдени және шығармашылық іс-шараларда белсенділік танытты.

«FEEL GIRLS» ұйымы алдағы уақытта да заманауи би өнерін дамытып, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыруға өз үлесін қоса береді.

 


Басып шығару