Орыс филологиясы кафедрасы

Орыс филологиясы кафедрасы - университеттегі ең көне кафедралардың бірі. Ол 1932 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Кафедраның тарихы Қазақстандағы білім мен тәрбиенің дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті академиялық оқытушылардың өмірбаянымен тығыз байланысты. Олар: Бойко В.С., Утехина К.А., Малеча Н.М.,.Евстратов Н.Г., Соллертинский Е.Е., Фокин Н.И,. Костюков В.М,. Шибаева А.Л, және т.б. Олардың арқасында кафедра біртіндеп өзінің «ғылыми айнасын» қалыптастырды.Кафедра меңгерушісі шетел әдебиеті маманы Бойко В.С. болды. Бөлінген сәттен бастап (1934ж) орыс тілі кафедрасын доцент Утехина К.А, ал орыс және шетел әдебиеті кафедрасын Бойко В.С басқаруды жалғастырды.

Тіл білімі кафедрасының бірегей тұлғасын Утехина К.А. құрды, ол бірегей тіл шеберлері мен өз саласының мамандарын жинады.

Кафедраның тағы бір маңызды тұлғасы - жергілікті диалектіні зерттеудің бастамашысы, доцент Малеча Н.М. болды, оның зерттелуі 30 жыл бойы кафедраның ғылыми жұмысында басты орынға ие болды. Кафедрада оқытушылар мен студенттердің күшімен диалектология бойынша ғылыми мұрағат құрды, оның құрамында 7 мыңнан астам еңбектер, сондай-ақ диалект тасымалдаушыларының мәтіндері жинақталып, жазылып қалдырылды.«летописцу Нестору» мәңгілік ескерткіші Орынборда «Словарь говоров уральских (яицких) казаков» 4 томдық басылымында басылынып шығарылды (2002-2004жж).

Орал педагогикалық институтының түлегі Рахманина В.И. кафедра тізгінін Утехина К.А кеткеннен кейін өз қолына алды (1964-68жж). Оның ғылыми зерттеулері жергілікті диалектілерді зерттеумен байланысты болды, сол зерттеулерінің негізінде Куйбышев(Самара) қаласында кандидаттық диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент атанды.

1968 жылы кафедра тізгінін ҚазҰМУ-нен шақыртумен келіп жұмыстанып жүрген доцент Кока А.А қолына алады. Білікті ұйымдастырушы, сабырлы, байсалды, ол жас оқытушыларға көмектесуге тырысты..Кока А.А 1978 жылға дейін кафедраны басқарды.

Осы жылдары орыс тілі әдістемесінің жеке бөлімі бөлініп, оны доцент Абузяров Р.А. басқарды. Онымен бірге доцент Сайкиева С.М., аға оқытушы Анищенко А.П, оқытушы Нурмухамбетова М.К, Семенова Л.Н, Дядченко Н.Г бөлініп кетті. Бұл тұлғалар өте ұқыпты және талапшыл оқытушылар қатарынан болды.

1978 жылдан бастап кафедраны Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, диссертациянын сәтті қорғап шыққсан Жигалин Н.С. басқарды. Профессор В.А. Белошапкованың шәкірті, ол таңдаған ғылыми зерттеу саласына - қазіргі орыс тілінің синтаксисіне адал болып қалды.

1983 жылдан бастап кафедра меңгерушісі доцент Биалиева К.К. ға берілді, ол кафедраны 20 жыл басқарды, ал соңғы 10 жыл ішінде біріктірілген орыс тілі мен әдебиеті кафедрасын басқарды. Сол жылдары кафедраның тұрақтылығы мен жоғары ғылыми әлеуеті сол кісінің еңбегі болды.

90-жылдары кафедрада орыс тілі және жалпы тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты Урунова Р.Д. жұмыс істеді, ол кейін кафедраға жетекшілік етіп және «Русские местоимения в функциональном аспекте (синхронный и диахронический анализ)» деп аталатын докторлық диссертациясын аяқтады.

Орыс және шетел әдебиеті кафедрасының құрылуы көптеген көрнекті әдебиеттанушылардың есімдерімен тығыз байланысты.

Саратов университетінің түлегі Евстратов Н.Г. кафедраның басты беделі болды. Ол нағыз орыс зиялыларының бірі еді. Оның ғылыми қызығушылығы В.Г. Короленконың шығармашылығына байланысты болды, ол туралы бірнеше кітап жазған (1941 жылы диссертация қорғаған). 1938-1954 жылдары орыс және шетел әдебиеті кафедрасын басқарды.

Доцент Коротин Е.И. көптеген жылдар бойы (шамамен 15 жыл) факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Уақыт өте келе Коротин Е.И. кафедра оқытушылары мен студенттерімен бірге орыстардың, казактардың, украиндардың дәстүрлі және қазіргі заманғы фольклорлық шығармаларын жинауға қатысты. Жиналған материалдар негізінде ол Жайық казактарының фольклор жинағын шығарды.

Кафедраға көп күші пен қуатын жұмсаған доцент Фокин Н.И. болды, Ол 70-90 жылдар аралығында кафедраны басқарды. Қатал, принципті Николай Иванович үстірт білімге бой алдырмады және студенттеріне әдебиет оқуға деген сүйіспеншілігін оятты.

90-жылдары кафедраны студенттік кезінен Жайық казактарының өлкетану мен фольклорына қызығушылық танытып жүрген, доцент Щербанов Н.М. басқарды.Ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, алғашқы болып жазушы И.И. Железнованың шығармашылығын зерттеп,сол бойынша диссертациясын қорғап шықты. Кейіннен кафедраны доцент Выдрина Н.А. басқарды.

Орыс тілін оқыту әдістемесі кафедрасы (1971-99 жж.) 1971 жылдың наурыз айында орыс тілі кафедрасының бөлінуі негізінде құрылды. Кафедра меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, бұрынғы оқытушы, аға оқытушы, 10 жылдық педагогикалық өтілі бар мектеп директоры, КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының аспиранты және аға ғылыми қызметкері Абузяров Р.А. сайланды. Оның жетекшілігімен кафедра педагогикалық шеберлік мектебі, ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Кафедра мүшелерінің әдістемелік және ғылыми деңгейінің жақсы өсуі кафедрада аяқталған (4) аспиранттардың, сонымен қатар (6) кандидаттық және докторлық диссертациялардың (1) қорғалғандығынан көрінеді. Профессор Абузяров Р.А кафедраны 27 жыл басқарды.

1997-98 жж. доцент Анищенко А.П орыс лингводидактикасы кафедрасының меңгерушісі болып сайланды, ал келесі екі жылда Даминова Л.К. басқарды. Оны университеттің орыс тілі практикалық курсы кафедрасының мұрагері деп санауға болады, ол өз әріптестерінің ХХІ ғасырдағы ең жақсы дәстүрлерін жалғастырды (мең.Утегенова К.Т.).

Қазіргі орыс филологиясы кафедрасы орыс филологиясы және орыс тілі практикалық курсы кафедраларының бірігуі арқылы ұйымдастырылды. Әр жылдары кафедраны п.ғ.к., доценттер Умарова Г. С., Абдульманов А, Утегенова К.Т, Мұханбетқалиев А.С, Бозбаева А.Г, педагогика ғылымдарының магистрлары, аға-оқытушылары Базарбаева В.К, Шагимгереева Б.Е басқарып келеді.

Орыс және шетел әдебиеті кафедраларының, сонымен қатар қазіргі орыс тілі, лингводидактика кафедраларының тарихы


Басып шығару