2025 жылына арналған «Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» БББ-ның ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша ақпарат

Білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушы құрамы 34 штаттық оқытушыдан тұрады. БББ-да 4 ғылым кандидаты Кисметова Г.Н., Абуханова А.А., Мукашев Б.А., Разумовская В.А., 5 PhD докторы, доцент Зубков В.С., Какишев М.Г., Тукешова Н.М., Кенбаева А.З., Хажгалиева Г.Х. және 25 магистр жұмыс жасайды.

2023-2024 оқу жылында оқытушы, магистр Тлеукенова Э.Ж. Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің 550700 «Педагогика» мамандығы бойынша докторантураға түсіп, қазіргі кезде оқуын жалғастыруда.

11.03.2025 ж. «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ жанындағы «8D02301 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша Диссертациялық кеңесінде Кенбаева Айнур Зинеловна докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD доктор атанды.

2022-2023 оқу жылында оқытушы, магистр Г.И.Есбергенова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 8D02304-Филология мамандығы бойынша PhD докторантурасына түсті. 27.11.2025 күні Есбергенова Г.И. К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы 8D023 – Тіл және әдебиет (БББ 8D02304 – «Филология») даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте «Түркі лингвомәдениетіндегі гендерлік концептосфера» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндіктер қарастырылып, қолдау көрсетіледі.

БББ-да 7М01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық және 7М01709 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша мамандандырылған магистратура бар.

2025-2026 оқу жылында 2 жылдық ғылыми-педагогикалық магистратураның 1-курсында 15 магистрант (МИЯ-11), 2-курсында 20 магистрант (МИЯ-21) оқып жатыр, ал 1,5 жылдық мамандандырылған магистратураның 2-курсында 1 магистрант оқып жатыр.

БББ-ның ғылыми ізденіс жұмыстарының тақырыптары:

  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі (Шет тілін оқытудағы заманауи тәсілдер).
  2. Лингвистика (Когнитивті лингвистика, гендерлік лингвистика, социолингвистика).
  3. Шетел әдебиеті (Әдеби құбылыстарға салыстармалы ізденіс, 18-21 ғасыр әдебиеті).

Әр жыл сайын оқытушылардың жарияланымдарының саны артып келеді.

2025 жылы ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының жариялаған мақалалар саны: Қазақстанда - 61, жақын шетелде және шетелде - 41; оның ішінде ағылшын тілінде жарияланғаны - 29.

Ғылыми жобаларға келетін болсақ, А.З. Кенбаева BR28712767 «Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» ғылыми бағдарламасының, AP26100495 «Түркі дүниетанымындағы наным-сенімдер: этнофольклорлық аспект» атты гранттық ғылыми-зерттеу жобасының, BR24993043-«Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» бағдарламасының мүшесі болып табылады.

Сонымен қатар, 2025 жылы университетте өткен инновациялық жобалар байқауына БББ оқытушысы, магистр А.С. Сисекешова қатысып, алғыс хат иеленді.

Аға оқытушы, магистр Калиева А.А. 2025 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық білім беру-ағартушылық ФГОС онлайн порталы базасында өткен педагогикалық шеберліктің халықаралық байқауына «Қазіргі заманғы білім беру. Ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлауды қалыптастыру» тақырыбында қатысып, байқау қорытындысы бойынша I орынды иеленді (Сертификат № КМ1000652820)

Аға оқытушы, магистр Калиева А.А. 2025 жылғы 15–22 қазан аралығында ККО базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында педагогикалық бағыт бойынша өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысып, байқау қорытындысы бойынша I орынды иеленді (Диплом, тіркеу № 175172).

Аға оқытушы, магистр Ситалиева Р.Э. 2025 жылғы 30 қаңтарда Халықаралық білім беру-ағартушылық ФГОС онлайн порталы базасында өткен халықаралық педагогикалық шеберлік байқауына «Ағылшын тілін оқытудағы заманауи технологиялар: онлайн ресурстар, жасанды интеллект және интерактивті платформалар» тақырыбында қатысып, байқау қорытындысы бойынша I орынды иеленді (Сертификат № КМ1000652814).

Аға оқытушы, магистр Ситалиева Р.Э. 2025 жылғы 15–22 қазан аралығында ККО базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында педагогикалық бағыт бойынша өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысып, байқау қорытындысы бойынша I орынды иеленді (Диплом, тіркеу № 175173).

Аға оқытушы, магистр Шамгонова Р.Г. ағылшын тілі бойынша «Ермак» атты ХХ халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлауда Сібір федералдық университетімен жемісті ынтымақтастығы үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциализациялау бойынша шаралар:

Доцент Кисметова Г.Н., Кадыргалиева С.И., Шуйншкали А.Ж., Нұрлыбекқызы А. «Think smart; Critical thinking skills for English learners» электрондық оқу құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Доцент Кисметова Г.Н., Утегалиева Б.Б., Акбулатов А.А., Махамбетова А.Т., Урасаева Ж.Е., Амирханова М.Н. «EASY LEARN WITH ICT» электрондық оқу құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Доцент Кисметова Г.Н., Тургалиева Э.М., Серікова Н.Б., Давлетова Ж.Е., Орынғали Н.С. «LANGMASTERY» электрондық оқу құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Доцент Кисметова Г.Н., Полянина О.Г., Максимова А.Б., Аманғалиева А.М., Баяшева З.Е. «Digital Methodology for Teaching Foreign Languages» электрондық оқу құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Доцент Кисметова Г.Н., Шунайбекова К.М., Агниязова А.Қ., Гильманова А.К., Хайрлықызы Назерке «English Mastery: Vocabulary, Grammar, and Speaking with Modern Platforms» электрондық оқу құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Доцент Кисметова Г.Н., Абдол Э.Д., Шамгонова Р.Г., Дюсембаева Ж.С., Мулдашева А.Е., Нарекова А.С. «Smart Learning: Effective English Study Techniques» электрондық оқу құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Кисметова Г.Н., Утегенова Б.Д., Мырзағали Ш.Р., Албаева А.И. «AI in language learning» оқу-әдістемелік құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Доцент Кисметова Г.Н., магистранттар Г. Б. Жумабекова, А. А. Калиева, Р. Э. Ситалиева «Exploring English – speaking countries: a global journey» оқу-әдістемелік құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Кисметова Г.Н. «Level Up English (A Practical Guide to Preparing for the TKA)» оқу-әдістемелік құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Фролов И.М. «English Through Reading» құрамдас туындысына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Сапаргалиева М.Е. «ENGLISH (LEVEL A-2) for the 1st year students of non-linguistic educational programs» құрамдас туындысына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Латыпова Р.Х., Шунайбекова К.М., Полянина О.Г. «Введение в языкознание» әдеби туындысына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Навекова Д.Б., Битілеу А.Қ. «Easy English with music» оқу құралына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Утемисова Э.К., Габдешева А.Е. «English grammar exercises for non-linguistic educational programs» құрамдас туындысына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Лысенко Н.К. «Linguocultural Competence Through The Prism Of English Literature About Teachers And School» әдістемелік нұсқаулығына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

Утегалиева Б.Б., Жумабекова Г.Б. «LinguaCultur» әдеби туындысына авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік алды.

БББ-ның студенттері студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) белсенді қатысты.

2025 жылғы 10 сәуірде студенттік конференция өтті.

Конференция нәтижесі:

«Шетел тілін оқыту әдістемесі» секциясы бойынша:

І орын – Лобикова О., ИЯ-42 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Полянина О.Г.

ІІ орын – Завертяев А., ИЯ-41 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Нурушева Т.И.; Сыдихова З., ИЯ-27 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Насимуллина А.Б.

ІІІ орын – Төрек Н., ИЯ-23 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Кадыргалиева С.И.; Гадельшина Д., ИЯ-32 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Лысенко Н.К.; Куйбагарова И., ИЯ-12(3) тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Калиева А.А.

«Тіл теориясы» секциясы бойынша:

І орын – Батргереева Д., ИЯ-32 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Шунайбекова К.М.

ІІ орын – Маулетова А., ИЯ-33 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Бекмухамбетова С.Б.; Уразов А., ГД-12 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Габдешева А.Е.

ІІІ орын – Хайрат Ш., ИЯ-21 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – оқытушы Касымбекова Н.И.; Казиева С., ИЯ-41 тобының студенті; ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Шамгонова Р.Г.; Төлеуғали Н., ИЯ-11 IP тобының студенті; ғылыми жетекшісі – оқытушы Сисекешова А.С.

  21.11.2025 күні «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ бойынша студенттік конференция өтті. Оған  21 студент қатысты. Конкурс нәтижесі:

«Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» секциясы бойынша:

  II орын - 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ 3-курс (ИЯ-37 топ)

студенті Сыдихова Заурештің  «Ағылшын тілін үйретудегі жасанды интеллект: ақылды педагогиканың жаңа дәуірі» атты тақырыбында жазылған ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Насимуллина А.Б.

II орын - 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ 4-курс (ИЯ-43 топ) студенті Төрек Нағиманың «Орта білім беру деңгейінде инклюзивті білім беруді дамытудың мәселелері мен болашағы» атты тақырыбында жазылған ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Қадырғалиева С.И.

III орын - 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ 4-курс (ИЯ-41 топ) студенті Дюсембаева Даринаның «Жасанды интеллект негізіндегі құралдарды ағылшын тілін оқытуда қолдану: этикалық және психологиялық тәуекелдер» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Шамгонова Р.Г.

III орын - 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс (ИЯ-45 топ) студенті Сатова Сымбаттың «Әлеуметтік желілер – цифрлық ұрпаққа шетел тілдерін оқытудың инновациялық моделі» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Утемисова Э.К.

«Тіл теориясы» секциясы бойынша:

I орын - 6B01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ 4-курс ( ИЯ-45 топ) студенті Марат Тоғжанның «Особенности молодежного сленга в современном французском языке» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Бекмухамбетова С.Б.

ІІ орын - 6B01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ 4-курс ( ИЯ-42 топ) студенті Батргереева Диляраның «SprachMusik в немецкой поэзии музыкальность языка у Рильке и Гете» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Шунайбекова К.М.

III орын - 6B01714 «Шетел тілі» БББ 2-курс (ИЯ-21 топ) студенті Карабалкина Элеонораның «Proper Names as Common Nouns in English and American Linguistic Contexts: A Linguocultural Analysis» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысы. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Лысенко Н.К.

Студенттердің басылымдары

2025 ж. ҚР – 41 мақала

Шетелде – 42 мақала жарияланды.

Магистранттың басылымдары

ҚР- 28

Шет елде - 21 мақала жарияланды.


Басып шығару