Астана қаласында Түркі мемлекеттерінен келген дарынды жастардың қатысуымен өткен халықаралық «Түркі халықтарының үздік студенті» байқауында Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) БББ-ның 3-курс студенті *Бимұхан Альфия Қожамжарқызы жүлделі І орынға ие болды!*
Бұл – табанды еңбектің, білімге деген құштарлық пен үздіксіз ізденістің жемісі. Жетістік – жеке жеңіс қана емес, қазақ жастарының білім мен ғылым саласындағы әлеуетінің айқын көрінісі.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуыңыз биік, жетістіктеріңіз еселене берсін!
Қазақ филологиясы факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында 4-курс студенттеріне арналған «Әдістемелік жәрмеңке» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық оқыту тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасау және тиімді әдістемелік идеяларды тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік беру.
Жәрмеңке барысында студенттер өздерінің авторлық әдістемелік идеяларын ұсынып, оқыту үдерісінде қолдануға болатын креативті, инновациялық және практикалық тәсілдерін таныстырды. Іс-шара болашақ мұғалімдердің кәсіби ізденісін қолдауға, педагогикалық тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру талаптарына сай әдістемелік шешімдерді дамытуға бағытталды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар «Үздік әдіс», «Ең креативті әдіс», «Ең инновациялық әдіс» және «Ең практикалық әдіс» номинациялары бойынша марапатталды.
Жеңімпаздарға ақшалай ынталандыру сыйақылары, Shetel контент студиясының және стоматологиялық клиниканың сертификаттары, сондай-ақ естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жеңімпаздарға оқытушының сабақтарына қатысуға арналған бонустық жеңілдіктер ұсынылды.
Осындай бастамалар болашақ педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, олардың жаңа идеяларды жүзеге асыруға деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы: Қазақ филологиясы факультетінің оқытушысы Дүйсмағанбетова Әлима Мұратқызы.









































