«Дәрігермен ашық сұқбат»

5 сәуір күні филология факультетінің ҚТӘ (IP)-17 тобының ұйымдастыруымен «Дәрігермен ашық сұқбат» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кеш қонағы – «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК педагогі Галимгалиева Бахытгул Бурамбайқызы.

Іс-шараның басты мақсаты — жастарға АИТВ инфекциясы туралы ақпарат беру, аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Алдымен келген маман ғылыми нақты зерттеулерге және статистикаға негізделген толық ақпарат беріп, дәріс оқыды. Дәрістен соң студенттер маманға өздерін қызықтырған түрлі сауалдар қойып, жауап алды. Келген қонақ пен студенттер арасында ашық пікір алмасу болып, өзекті мәселелер талқыланды, қатысушылар пайдалы мәліметтер алып, өз ойларымен де бөлісті. Сұқбат арасында тақырыпқа сай викториналық ойын ұйымдастырылып, берілген сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға шағын сыйлықтар ұсынылды. Ән-күй орындалып, кеш қызықты өтті. Топ кураторы мен студенттер келген қонаққа мазмұнды ақпарат бергені үшін алғыс айтып, мұндай танымдық бағыттағы іс-шаралар кең көлемде, жиірек өткізіліп тұрса деген ұсыныс айтты.


Басып шығару