Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен университетімізде 24 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына ағылшын тілінен олимпиада өтті

Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен университетімізде 24 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына ағылшын тілінен олимпиада өткен болатын. Олимпиадаға қалалық мектептерден 32 оқушы қатынасты. Соның ішінде, 1 орын иегері - Қанат Махаббат, 2 орын иегерлері - Кожахметова Мадина және  Сапаргали Темирлан, 3 орын иегерлері - Утебаева Алия, Мухтаргалиева Саида және Махсут Зере атанды. Ал, қалған 26 оқушы “Алғыс хаттармен” марапатталды. Олимпиадамыздың басын филология факультетінің деканы - А.А.Ақбулатов ашып берді. Кейіннен, университетіміздің бақылау комиссиясының жауапты хатшысы- А.С.Аманбаев мектеп бітіруші түлектерге біздің ЖОО туралы айтарлықтай жеткілікті ақпарат беріп өтті. Оған қоса, факультетіміздің белсенді студенттері дайындаған концерттік бағдарлама да болды. Олимпиада айтарлықтай жоғарғы деңгейде өтті.


Басып шығару