«Жазушы болу – үлкен өнер»

21.02.24 ж. күні XIX ғасырдың атақты жазушысы Жорж Сандтқа арналған «Жазушы болу – үлкен өнер» атты әдеби кеш өтті. Бұл кеш М.Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми кітапханасы, ИЯ-31 ИЯ-33 ИЯ-37 топ студенттері мен француз тілі пәні аға оқытушысы С.Б.Бекмухамбетованың ұйымдастыруымен болды. Кешті ИЯ-37 топ студенттері Томирис Қайырова және Бахтияр Майлықұл жүргізді. Жорж Сандтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған презентация көрсетіліп,ақпараттар француз және қазақ тілдерінде айтылды. ИЯ- 33 тобының студенті Аскарова Данель Жорж Санд рөлін сомдап,аудармашысы осы топтың студенті Алау Қолғанатова болды.Жазушының өз өмір жолы туралы өлеңін осы топтың студенттері Алтын Сатанова, Альбина Жулкашева Жансая Радик, Лаура Жумалиевалар оқыды.ИЯ-37 топ студенттері Дина Жамбылова,Амина Қауыс,Айсулу Мизамовалар жазушының гүлдер туралы шығармасынан үзінділер оқып, ән шырқады. Ал ИЯ-31 топ студенттері Айтолқын Қуанышева , Бекзат Құттымұратов, Асылтек Орынғалиевтер француз тілінде шағын қойылым көрсетті. Осы топтың студенттері Томирис Ажгереева ана мен бала туралы өлең оқыса,Александр Завертяев мәңгі өлмес махаббат тақырыбын қозғады.Кеш әдемі француз тіліндегі Дина Жамбылованың орындауымен аяқталды.Барлық көрермендер кештен ұмытылмас әсер алды.

 


Басып шығару