03.04.2024 «Білім беру жүйесінде инновациялық әдістер мен оқыту тәсілдерін пайдалана отырып, педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру» атты әдістемелік айлық аясында аға оқытушы О.Г. Полянина және магистр, аға оқытушы Р.Г. Шамгонованың ұйымдастыруымен іскерлік ойын халықаралық конференция түрінде «Trends and problems in modern school education» тақырыбында аудиториядан тыс ашық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға ИЯ-32 тобының 3 курс студенттері қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты білім беру саласындағы өзекті үрдістер мен мәселелерді айқындау, сондай-ақ ықтимал шешімдер мен инновациялық тәсілдерді іздеу болды. Конференция аға оқытушы О.Г.Полянинаның кіріспе сөзімен басталды, онда ол білім беру саласындағы заманауи үрдістер тұрғысынан іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Жүргізушілер конференцияға қатысушы елдер: Қазақстан, Ұлыбритания, Финляндия, Норвегия, Нигерия, Оңтүстік Корея және Сингапур елдерінің өкілдерін таныстырды. Конференция барысында әр елдегі білім беруге қатысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Аталған мәселелерді талқылау қатысушыларға өз тәжірибелерімен және идеяларымен алмасуға, сондай-ақ ұқсас мәселелерді шешудің түрлі тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік берді. Талқылаулар білім беру бағдарламаларының тиімділігін, оқу үрдісіне заманауи технологияларды енгізуді, халықтың түрлі топтары үшін білімге қолжетімділік мәселелерін, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз ету және педагогтарды кәсіби даярлау мәселелері секілді кең ауқымды тақырыптарды қамтыды. Конференция білім беру жүйесін дамытуға қатысты мәселелерді талқылау, сондай-ақ қарастырылған мәселелерді шешу барысындағы жемісті форум болды.
«Қазіргі мектептегі білім беру үрдістері мен мәселелері» іскерлік ойыны
Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау БББ