Ашық практикалық сабақ «Reported speech»

Күні: 08.04.2024 ж

Өтетін орны мен уақыты: 1 корпус, аудитория 424, сағат 9:00

Топ: ИЯ-13

Практикалық мақсаттар (тапсырмалар):

1) Салыстырмалы және төл сөздерді қайталау және бекіту.

2) Грамматикалық құрылымдарды қолдана білу дағдыларын дамыту:

Білімді жаңарту кезеңінде осы тақырыпты оқып-үйренудің маңыздылығы көрсетілді. Ол үшін студенттер слайд арқылы суреттерге және сабақ тапсырмаларына қарап сабақтың тақырыбын өз бетінше атап, мақсат қойды.

Жаттығулардың көлемі мен іріктелуі қойылған мақсатқа және студенттердің жеке ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілді. Сабақтың құрылымы «қарапайымнан күрделіге» әдістемесіне негізделген. Барлық жаттығуларды орындау студенттерді нәтижеге, яғни диалогқа қатысуға әкелді. Сабақта ,сонымен қатар, қайталау жаттығулары, суреттер және мәтінді көрнекіліктер мен ауызша жаңарту қамтылды. Студенттер сын есім тақырыбы бойынша лексиканы қайталады, төлеу сөз арқылы сөйлем құрастыруды үйренді.

Сабақтың атмосферасы жағымды болды, мұғалім студенттердің белсенділігін ынталандыратын көңілді эмоционалды фон жасай білді.

Рефлексия студенттердің жаңа тақырыпты және материалды жақсы меңгергенін көрсетті. Оқушылар өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, сабақтағы белсенділігіне қарай бағаланды. Сонымен қатар сабақ соңында студенттер QR кодын сканерлеп, жаңа тақырыпты түсіну үшін тест тапсырды.

Ашық сабаққа шет тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін дайындау бойынша БББ оқытушылары Сисикешова А.С., Лысенко Н.К.

Мұғалім: Абилтаева Аида Наурызқызы


Басып шығару