«Сенімділікті дамыту» семинары

2024 жылдың 10 сәуірінде сағат 15.20-да ИЯ-32 тобында «Сенімділікті дамыту» семинары өтті.

Семинардың мақсаты: кәсіби сенімділікке әсер ететін факторларды анықтау және сипаттау; сенімділікті дамытуға ықпал ететін және сенімді дамыту әдістерін қамтитын сабақ жоспарын жасау.

Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Студенттер сабақта өте белсенділік танытып, сабақты жоспарлаудың әртүрлі әдістері мен әдістерін және педагогикалық терминдерді жақсы меңгергендерін көрсете білді және ағылшын тілін жетік меңгергендерін көрсетті.

Аға оқытушы Кадыргалиева С.И. инновациялық технологияларды, интерактивті әдістерді, топтық жұмысты және студенттердің кері байланысын пайдалана отырып, студенттерді белсендіруге қол жеткізді.


Басып шығару