Өткізілген күні: 04.04.2024 ж.
Өткен орны мен уақыты: 3 корпус, 306 аудитория, сағ. 8:30
Топ: МО-22
2024 жылдың 4 сәуірінде 306 аудиторияда, сағат 8:30-да «Ағылшын тілі В2.2» пәні бойынша «Too much information» тақырыбында МО-22 тобымен ашық сабақ өткіздім.
Ашық сабақтың мақсаты мен міндеттері: жаңа сөздерді енгізу және пысықтау, «quantifiers» жаңа грамматикалық құрылымымен танысу, оқу барысында мәтіннің негізгі идеясын анықтай алу қабілетін дамыту. Сондай-ақ, сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлері арқылы коммуникативті дағдыларды дамытуға жағдай жасау, ережені талдай және жалпылай білу.
Ашық сабақ бірнеше кезеңнен тұрды. Сабақтың басында «brainstorming» әдісі қолданылды. Әр түрлі суреттерге қарап, студенттер сабақтың тақырыбын болжап, жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап берді. Әрі қарай студенттер топтарға бөлініп, жаңа сөздермен жұмыс істеді. Студенттер осы сөздерге өз анықтамаларын беріп, оларды өзара болжады. Содан кейін олар сөйлемді фразалық етістіктермен сәйкестендіруге арналған тапсырма орындады. Оқу дағдыларын жақсарту үшін студенттерге «digital life tidy up your 11 ways» мәтіні берілді. Студенттер топтарға бөлініп, мәтіннен өздеріне берілген бөліктерін оқып, алған ақпараттарымен келесі топтармен бөлісті, сонымен қатар мәтін бойынша жаттығулар жасады. Осыдан кейін студенттерге quantifiers грамматикалық тақырыбы түсіндірілді. Студенттер жаңа тақырып бойынша ауызша мысалдар келтірді, топтарда интерактивті сайтта тапсырмалар орындады, сонымен қатар жеке-жеке жазбаша жаттығулар жасады. Содан кейін «digital detox» тақырыбында тыңдалым болды, және тыңдалым бойынша тапсырмалар орындалып, өзара пікірталап жүргізілді. Сабақ соңында ұпайлар мен үй тапсырмасы айтылды. Үй тапсырмасына «the pros and cons of digital goods» тақырыбында эссе жазу берілді. Ашық сабаққа «әлеуметтік ғылымдар» БББ-ның оқытушысы Аянова Аружан Ақжанқызы қатысты.
Оқытушы: Бахиджан Ақбаян Арманқызы