«Multilingualizm of Kazakh Youth in the 21st century» атты іс-шара

«Multilingualizm of Kazakh Youth in the 21st century» атты шара 2024 жылдың 29 қазанында «Жастар Life» коворкинг алаңында топтық дебат форматында өткізілді. Шараға қонақ ретінде студенттер және деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ғ.Наби қатысты. Шараны ашу мақсатында аға оқытушы, магистр А.Б. Насимуллина сөз сөйледі. Шараға ИЯ-21 тобының студенттері қатысты. Тақырыпты ашу үшін қазіргі таңда Қазақстандағы мультилингуализм туралы презентация көрсетіліп, оны Нурулин Дамир мен Абдушева Мадина қорғады. Кейін топ 2 командаға, қолдаушы және оппозицияға бөлініп, команда капитандары Нурулин Дамир мен Қабланов Ертай қол алысты және өз командаларының ұстанымдарын таныстырды. Пікірталасты бастамас бұрын қатысушыларды қолдау көрсету ретінде ИЯ-21 топ студенті Жасұлан Әсел Қорғанбек Аманжоловтың «Отан» туындысын мәнерлеп оқыды. Пікірталас барысында командалар бір-біріне сұрақтар қойып, сол сұрақтарды талқыға салып, жауап берді. Барлық топ мүшелері ат салысып, белсенділік танытты. Пікірталас біткен соң патриотизм рухын көрсету үшін студенттер «Алға Қазақстан» әнін шырқады. Осы кезде қазақ әнін насихаттау мақсатында А.Б.Насимуллина қонақтарға және студенттерге «Қазақстан» шоколадын сыйлық ретінде таратып берді. Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ғ.Наби қорытынды сөз сөйледі. Шара соңында  барлығы естелікке суретке түсті.

 

 


Басып шығару