«Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» БББ-дағы «Ашық есік күні»

27.02.2025 күні №1 оқу ғимаратының 416 дәрісханасында Шетел тілдері және әдебиеті мұғалімдерін дайындау БББ аға оқытушысы, магистр Насимуллина Айгүл Бисембаевнаның жетекшілігімен «Ашық есік күні» өтті. Мектеп түлектері мен олардың ұстаздарына университет атмосферасына еніп, өздерін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға мүмкіндік берілді. Шетел тілдері және әдебиеті мұғалімдерін дайындау БББ оқытушысы Утемисова Эльмира Климовна жиналғандарға ағылшын тілінде сөз сөйлеп, қазіргі кезде шет тілінің қаншалықты маңызды екеніне кеңінен тоқталды. Сапалы жоғары білім алуға мүдделі қалың қауым алдында француз және неміс тілінің оқытушылары Бекмұхамбетова Салтанат Болатқызы мен Шунайбекова Кльжиян Мендигалиевна француз және неміс тілдерінде сөз сөйледі. Келген қонақтарға 2, 3 курс студенттері мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Студенттерге университетіміз бен факультетіміз ұнады. Олар біздің Батыс Қазақстан университетіне түсуге ынталы болды. Сонымен қатар, келген оқушылардың арасында «Талдауға берілетін жағдаятты мәселелер» (“Situational problems for discussion”) тақырыбында шағын форматта олимпиада өтті. Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

  

 

 

 


Басып шығару