«Өнер арқылы тіл» атты іс-шара

«Өнер арқылы тіл» атты іс-шара

Іс-шараның мақсаты: қазіргі қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің маңыздылығын өнердің түрлі түрлері арқылы көрсету, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және тілдік әралуандылыққа құрмет қалыптастыру.

Қатысушылар: тілдік емес мамандықтардың 1-курс студенттері.

Кешті «Музыкалық білім» мамандығының студенттері ашты. Студент Рахымғали Данияр бірнеше тілді меңгерудің маңыздылығына арналған «Үш тіл» әнін орындады. Кейін студенттер тобы «Музыка нас связала» әнін, сондай-ақ ағылшын тіліндегі әнді орындады.

ХО-11 тобының студенттері тілдер мен өнер тақырыбындағы шығармашылық жұмыстарын ұсынды. ФКС-13 тобының студенті Владислав Тальновтың «Мой Казахстан» өлеңін, ал П-11 тобының студенті Сейтова Зайнап С. Есениннің «Счастье» өлеңін оқыды.

«Режиссура» мамандығының студенттері Жолдасқали Қанат, Боранбай Ислам, Қуанышқалиева Софья тілдердің өз маңыздылығы жөнінде өзара пікірталасқа түскен шығармашылық диалог көрсетті. Қорытындысында қазақ тілі қазіргі әлемде барлық тілдердің маңызды екенін, өйткені әрқайсысы қоғамдағы қарым-қатынас пен дамуда өзіндік рөл атқаратынын атап өтті.

Іс-шара шығармашылық және достық атмосферада өтті, студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды және мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне деген құрметті нығайтуға ықпал етті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

— Алмагамбетова Н.А., «Тілдер мен әдебиет мұғалімдерін даярлау» ББ аға оқытушысы;

— Арыстанғалиева Н.Б., «Тілдер мен әдебиет мұғалімдерін даярлау» ББ оқытушысы;

— Ерғалиева Н.У., «Тілдер мен әдебиет мұғалімдерін даярлау» ББ оқытушысы;

— Сапарғалиева М.Е., аға оқытушы, «Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» ББ;

— Навекова Д.Б., аға оқытушы, «Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» ББ.

Қорытынды: қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасты және тақырыпқа қызығушылықты көрсетті.


Басып шығару