«Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының ұжымы Есбергенова Гульнар Исамидиновнаны 8D02304 – Филология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесінің берілуімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 07 сәуірдегі № 207 бұйрығына сәйкес, Есбергенова Гульнар Исамидиновнаға философия докторы (PhD) дәрежесі ресми түрде берілді.
Бұл маңызды жетістік – көпжылдық еңбектің, ғылыми табандылықтың және жоғары кәсібиліктің нәтижесі. Осындай білікті маманның біздің университетте қызмет атқарып, ғылымның дамуына және болашақ мамандарды даярлауға үлес қосып жүргенін мақтан тұтамыз.
Алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктерге жетіп, кәсіби жоспарларыңыздың толық жүзеге асуына тілектеспіз!


