БКМУ облыстык Абай семинар есебі

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай шығармаларын жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың әдістемелік жүйесі» атты дәстүрлі VIIІ облыстық оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинар жұмысын университеттің ОӘЖ жөніндегі проректоры А.С. Тасмағамбетов ашты. Әдістемелік семинарға университет ғалымдары мен облыстың мұғалімдері қатысты. Семинарға университетіміздің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа...» тақырыбында сөз қозғаса, мектеп мұғалімдері де өз ойларын ортаға салды. «Дариян» мектеп-гимназия интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мақсот Даулет «Абайтану» курсын тиімді өткізу жолдары, Володар жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Габбасова Айдана Салимгереева «Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат»,Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин ат. №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог шебер Байжиенова Агерке Орыновна «Абай рухани мұра – таусылмайтын қатынас қазынасы»,Көшім жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, педагог зерттеуші Сагынгалиева Акжаркын Камитовна «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында Абай шығармаларын оқытудағы өзекті мәселелер»,Рубежинжалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Кабыкешова Шынар Габдыгаликызы «Қалың елін – қасқайып сүйген Абай, қарекетіне күйзеліп, күйген де Абай»,Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Бекташева Гүлнұр Тоқтарбекқызы «А.Құнанбайұлының қара сөздерін оқытудың жаңа әдістері»,Рубежин жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Кужабаева Айнур Мойнакбаевна «Абай өлеңдерін оқытудың әдіс-тәсілдері»,№40 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі Сабырова Айнұр Нұржанқызы «Абай Құнанбаевтың қара сөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күннен үндестігін талдап жазыңыз» тақырыбында эссе жазу»,Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин ат. №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Игильманова Шынар Рамазановна «Абай Құнанбаев шығармаларын оқытудың өзектілігі»,№42 “Ақниет” гимназиясының жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сейітова Жұлдыз Төлегенқызы, «Абай шығармаларын жаңартылған білім мазмұнында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері»тақырыптарында ой бөлісіп, сабақ жоспарларымен таныстырды. Семинар аясында «Абай Құнанбаев туғанына 175 жыл» деген атпен көрме де ұйымдастырылды.

 

И.С. Султаниязова, Қазақ филологиясы кафедрасының

меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент

Р.Ж. Сисенбаева, Қазақ филологиясы кафедрасының

аға оқытушысы, магистр

А.А. Амантайова, Қазақ филологиясы кафедрасының

аға зертханашысы


Басып шығару