«Мен тұратын көшенің тарихы» атты облыстық акция
2020 жылдың 16 қыркүйек күні облыс, қала тұрғындары арасында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен қашықтан ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн «Мен тұратын көшенің тарихы» атты акция оздырылды. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 18 үміткер өздерінің тұрғылықты көшелеріне қатысты бейнеролик ұсынды.
Акция мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақстандық патриотизмді дамыту, рухани құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың қауымдастырылған профессоры Сұлтанғалиева Рита Бекжановна БАС ЖҮЛДЕ иеленсе, ІІ орын «Филология: қазақ тілі» мамандығының 3-курс студенті Амангелді Ермахан мен ІІІ орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Батырғалиева Айгерім иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.