Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында тіл жанашырларын марапаттауға арналған «Тіл – тұтастық туы» тақырыбындағы мерекелік шара қорытындысы
2020 жылдың 22 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Жастар мәдениет сарайында «Тіл – тұтастық туы» атты Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында тіл жанашырларын марапаттауға арналған мерекелік шара ұйымдастырды. Аталмыш шара көпұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтап, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, талантты жастарды анықтау және қолдау, этнос өкілдерін ынталандыру, жас ұрпақтың санасына елімізде тұратын әр халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауды сіңіру, сондай-ақ жыл бойы өткізілген шараларды қорытындылау мақсатында оздырылды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамоталарымен салтанатты түрде марапатталды. Атап айтсақ, Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылыған профессоры, тіл жанашыры, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау мақсатында облыс әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы тобының жетекшісі - Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы; М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың философия ғылымдарының докторы (PhD), Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының маңызды міндеттерін іске асыру жұмыстарын жүргізу мақсатында белсенділік танытқан - Ақболатов Айдарбек Ахметұлы марапатталды.