Үздік факультет

Университетіміздің филология факультетінде желтоқсан айының он тоғызыншы жұлдызында “Jastar life“ орталығында белсенді І-ІІ курс студенттерінің ұйымдастыруымен шара оздырылды. Шараның негізгі мақсаты - өздеріңіз білетіндей, филология факультеті білім ордамызда өткен “Махамбет үздігі - 2024” байқауында “Үздік факультет” аталымын 6 факультет арасынан жеңіп алған болатын. Филология факультеті - университетімізде ең көп докторанттар, магистранттар шығатын білім ордасы. Филология факультеті - білімнің тірегі, ғылымның жүрегі.

Үздік екендерін дәлелдеуден талмайтын факультет белсенділері оқытушыларымызға арнап өз өнерлерін паш етті. Еркін тақырыпта жүрген бұл шарамызда ән айтылып, поэзия оқылып, би де биленді. Студенттеріміз жағымды көңіл-күй сыйлап, оқытушыларымыз тәттілерімен қуантты.

Махамбеттің үздігі атану - бұл бөлек дәреже! Жаса Махамбет!  Жаса Филология!


Басып шығару