Жеңіс тұғырынан көрінген филология

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде “Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы” атты айлық өтті. Осы жоба аясында 6 факультет арасынан оза шығып, жеңіс тұғырынан көрінген - Филология факультеті болды. Факультетіміздің үздік, әрі белсенді студенттері жеңіс шарасын атап өтті. Кеш қонақтары болып жастар департаменті және профессор - оқытушылар құрамы келді. Сонымен қатар, университетіміздің бес факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарлары шара барысында бой көрсетті. Қара шаңырағымыздың бірлігін көрсетер кереметтей кеш өтті деп ауыз толтырып айта аламыз. Жаса, Махамбет!


Басып шығару