Тіл, әдебиет және ақпарат білім беру бағдарламалары

Тіл, әдебиет және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі

Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы

Тіл, әдебиет және ақпарат білім беру бағдарламаларының даму тарихы Орал педагогикалық институты құрылған 1932 жылдан басталады. Қазақ филологиясы кафедрасының алғашқы меңгерушілерінің бірі, қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, республикадағы тұңғыш доктор, академик Қажым Жұмалиев болды. Бұл кафедрадан қазір республиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін белгілі жазушылар, тілшілер шықты. Бүгінгі таңда ұжым әрдайым көрнекті ғалымдарды, оқытушыларды еске алады және құрметтейді. Олар: С. Ақмұрзин, А.Көшімбаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Атымов, Н.Бисенғалиев, Ә.Нарымбетов, О.Төлегенов, Б.Әбілқасымов, Ғ.Әбуханов, М.Тілеужанов, Қ.Мырзағалиев, М.Ж.Жолдықайырова, С.Ғ.Шарабасов, О.Бүркітов және т.б. Өздерінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, қазақ филологиясы ғылымында ойып тұрып орын алар ұстаздар Р.Қ.Мұхамбетқалиева, Ұ.Е.Ержанова, А.Ә.Ниязғалиева қазіргі таңда еңбек демалысында, көп жылғы еңбектің зейнетін көруде.  

Бір ғасырға жуық тарихы бар бөлімде бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде халықтың игілігі үшін еңбек етіп жүрген мыңдаған түлектер оқыды. "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша ақындар мен жазушылар – Ж.Набиуллин, А.Нариков, Р.Отарбаев, Ғ.Сейтақ, А.Шахин, М.Шуйншалиева, сондай-ақ айтыс ақындары – Ш.Қыдырниязова, М.Қосымбаев, Д.Муштанова, Ж.Болтанова, Н.Кәрімова, Ж.Мусина, Т.Мықи бітірді. Бұл күні бөлімде Ақұштап Бақтыгереев атындағы ақындар мектебі және ақын аудиториясы жұмыс істейді.

Университеттің жоғары филологиялық білімі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлау, ғылым, білім және өндіріс бірлестігі базасындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие қызметін бірге жүзеге асыру – ұжымның негізгі мақсаты болды. Білім бағдарламасының миссиясы: бәсекеге қабілетті, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиеге қабілетті отандық және халықаралық өлшемдерге сәйкес келетін мамандарды даярлау, сондай-ақ ғылыми-зияткерлік және ақпараттық-мәдени ортаны қалыптастыру.

Тіл, әдебиет және ақпарат білім беру бағдарламасы төмендегідей білім беру бағдарламаларын қамтиды: 

В037-Филология

6В02301 Филология: қазақ филологиясы

6B02304 Филология: қазақ тілі және түрік тілі

6В02302 Филология: орыс филологиясы

7М02301 Филология: қазақ филологиясы

B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

6B03201 Кітапхана ісі

6B03207 Кітапханалық-педагогикалық қызмет

Кафедрада 2004 жылдан бастап магистратура білім беру бағдарламасы бойынша түлектер дайындайды. Білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамында негізінен филология, педагогика ғылым докторлары мен кандидаттары, философия (PhD) докторлар, Түркия, Ресей (Татарстан, Башқұртстан) ғалымдарымен шығармашылық байланысы бар мамандар қызмет етеді.

Тіл, әдебиет және ақпарат білім беру бағдарламасы филология және кітапхана ісі білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылы жаңадан құрылды.

Орыс және шетел әдебиеті кафедраларының, сонымен қатар қазіргі орыс тілі, лингводидактика кафедраларының тарихы


Басып шығару