|
1 |
БББ атауы |
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі |
|
2 |
Дайындық бағыты |
6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
|
3 |
Мақсаты |
Мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы орта, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әлеуметтік, психофизикалық, жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жобалау мен іске асыруға қабілетті, екі шетел тілін еркін меңгерген, оқыта және оқи алатын шет тілдері оқытушысын даярлау. |
|
4 |
Міндеттері |
· екі шет тілін меңгерген болашақ шет тілі мұғалімінің кәсіби, тілдік, коммуникативтік және педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру; · екі шет тілін жоғары деңгейде меңгеруді және оларды білім беру мен кәсіби қызметте практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын дамыту; · білім алушылардың әлеуметтік, жас ерекшеліктерін, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру үдерісін жобалау және жүзеге асыруға даярлау; · мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, орта, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында шет тілдерін оқытудың заманауи әдістері, формалары мен технологияларын қолдану қабілетін дамыту; · сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және әдістемелік қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыру; · зерттеушілік біліктерді, академиялық жазылым дағдыларын және академиялық адалдық қағидаттарын ұстануды дамыту; · командада жұмыс істеуге даярлықты, әлеуметтік, мәдени және тұлғалық айырмашылықтарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру; · үздіксіз кәсіби және тұлғалық өзін-өзі дамытуға, магистратурада білімін жалғастыруға дайындықты қалыптастыру; · · ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес пәнаралық ойлау мен инновациялық білім беру технологияларын қолдану қабілетін дамыту. |
|
5 |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
|
6 |
Берілетін академиялық дәреже |
Білім бакалавры |
|
7 |
Оқыту нәтижелері |
ОН 1. Әлеуметтік құндылықтар жүйесіне қатыстылығын көрсету. ОН 2. Командада жұмыс істеу, әлеуметтік, мәдени және тұлғалық айырмашылықтарды толерантты қабылдау. ОН 3. Білім беру ортасын зерттей отырып, білім алушылардың білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау. ОН 4. Нақты өмірлік тәжірибені пайдалана отырып және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тілді оқыту процесін моделдеу. ОН 5. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін қолдану. ОН 6. Күнделікті кәсіби қызметке және магистратурада білімін жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдыларын көрсету. ОН 7. Лингвистикалық теориялар, лингвистикалық ғылымның заңдары мен заңдылықтары, лингвистикалық талдау мен сипаттаудың негізгі әдістері саласында қазіргі заманғы ғылыми-теориялық көзқарастың базалық негіздерін қолдану.. ОН 8. Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. ОН 9. Орта және жоғары сынып оқушыларының тілдік және пәндік құзыреттілігін тілдік қызметтің төрт түрі бойынша бағалау критерийлерін әзірлеу. ОН 10. Ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес пәнаралық байланыстар мен оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып оқу процесін құрастыру ОН 11. Жалпы білім беретін пәндер саласында базалық негіздерді, академиялық адалдықтың негіздері мен принциптерін қолдану. ОН 12. Академиялық, кәсіби және арнайы мақсаттар үшін қазақ, орыс, шет тілдерін пайдалану. |
|
8 |
Аккредиттеу |
“ARQA” аккредиттеу және білім сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінің №HE-SA-000283 куәлігі. 01.06.2022 ж. бастап 31.05.2027 ж. дейін жарамды. |
|
9 |
Рейтинг |
2025 жылы – 16 орын (41 ЖОО ішінде) |


