7М01705 Шетел тілі: екі шетел тілі (ғылыми-педагогикалық бағыт)(магистратура)

1

БББ атауы

7М01705 Шетел тілі: екі шетел тілі

2

Дайындық бағыты

7М017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт)

3

Мақсаты

Қазіргі заманғы білім беру технологияларын меңгерген, теориялық білімі, практикалық іскерлігі мен кәсіби қызметінде қолдану тәжірибесі бар, мәдени, адамгершілік және эстетикалық жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін белсенді насихаттайтын, филология және филология пәндерін оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қабілетті, негізгі лингвистикалық, әдеби және әдістемелік білім жүйесін меңгерген, өзін-өзі дамытуға және өз қызметін көрсетуге дайын маман даярлау.

4

Міндеттері

 ·  магистранттардың ғылыми-педагогикалық қызметке қажетті тереңдетілген лингвистикалық, әдебиеттанушылық және әдістемелік білімдер жүйесін қалыптастыру;

·  жаңа ғылыми идеяларды генерациялау және оларды инновациялық білім беру мен зерттеу өнімдеріне айналдыру қабілетін дамыту;

·  білім беру үдерісінің сапасын диагностикалау мен бағалаудың заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін меңгерту;

·  филология және тілдерді оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді өз бетінше жоспарлау және жүзеге асыруға қажетті зерттеушілік құзыреттерді қалыптастыру;

·  ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау, интерпретациялау және оларды білім беру тәжірибесіне енгізу дағдыларын дамыту;

·  білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге және жобалық қызметін ұйымдастыруға даярлау;

·  көпмәдениетті ортада білім беру үдерісінің қатысушыларымен және әлеуметтік серіктестермен кәсіби өзара әрекеттесу қабілетін қалыптастыру;

·  білім беру саясатының басымдықтарына сәйкес инновациялық білім беру ортасын жобалау және іске асыру біліктерін дамыту;

·  үздіксіз кәсіби және тұлғалық өзін-өзі білім алуға, жеке білім беру траекториясын және кәсіби мансапты жобалауға дайындықты қалыптастыру;

·  ғылыми және педагогикалық міндеттерді шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша кәсіби коммуникация құзыреттілігін дамыту;

·  филологиялық ғылым мен білім берудің өзекті мәселелері бойынша білімді кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастыру.

5

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

6

Берілетін академиялық дәреже

Педагогика ғылымдарының магистрі

7

Оқыту нәтижелері

ОН 1. Технологиялық инновациялық өнімдер дайындау үшін жаңа идеялар тудыру;

ОН 2. Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану, әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру процесін анықтау және сапасын бағалау;

ОН 3. Использовать индивидуальные креативные способности для самостоятельного решения исследовательских задач;

ОН 4. Взаимодействовать с участниками образовательного процесса и социальными партнерами, толерантно воспринимая социальные, этноконфессиональные и культурные различия;

ОН 5. Инновациялық білім беру саясатының міндеттерін жүзеге асыруда кәсіби білім мен дағдыларды пайдалана отырып білім беру ортасын қалыптастыру;

ОН 6. Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне филология ғылымдары мен білім беру саласындағы нақты зерттеу мәселелерін шешуде қолдану арқылы ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізе отырып талдау жасау;

ОН 7. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету;

ОН 8. Әзірлеген оқыту тәсілдерінін, технологиялары мен әдістерін  білім беру қызметімен айналысатын ұйымдарында қолдану процесінің нәтижелеріне талдау жасау арқылы енгізу;

ОН 9. Болашақ білім беру бағыттары мен кәсіби мансапты құра отырып кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асыру,;

ОН 10. Кәсіби қызмет мәселелерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрдегі кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру;

ОН 11. Кәсіби мәселелерді шешуде филология ғылымы мен білімнің заманауи мәселелері туралы білімді қолдану.

8

Аккредиттеу

“ARQA” аккредиттеу және білім сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінің №HE-SA-000308 куәлігі.

01.06.2022 ж. бастап 31.05.2027 ж. дейін жарамды.

9

Рейтинг

-

 


Басып шығару