7М01709 Шетел тілі: екі шетел тілі (бейіндік бағыт) (магистратура)

1

БББ атауы

7М01709 Шетел тілі: екі шетел тілі

2

Дайындық бағыты

7М017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау (бейіндік бағыт)

3

Мақсаты

Филология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті, іргелі және тереңдетілген кәсіби білімге ие әкімшілік және басқарушылық қызметке кадрларды даярлау.

4

Міндеттері

 ·  білім беру жүйесінде тиімді қызмет атқаруға қажетті басқарушылық, талдамалық және кәсіби-коммуникативтік құзыреттерді магистранттарда қалыптастыру;

·  филология, педагогика және білім беруді басқару саласында тереңдетілген кәсіби даярлықты қамтамасыз ету;

·  кәсіби қызметте ғылыми танымның заманауи үрдістерін, стратегиялық басқару, инновациялық менеджмент және көшбасшылық теорияларын қолдану қабілетін дамыту;

·  ғылыми-зерттеу және практикалық қызметті жүзеге асыру үшін шет тілдерін кәсіби деңгейде қолдану дағдыларын қалыптастыру;

·  заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу біліктерін дамыту;

·  кәсіби, басқарушылық және зерттеу міндеттерін шешуде ғылыми таным әдістерін қолдануға даярлау;

·  ғылыми-зерттеу және талдамалық қызмет нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазба түрінде жинақтау және ұсыну қабілетін қалыптастыру;

·  жаңа және таныс емес жағдайларда талдамалық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін пәнаралық білімдерді интеграциялау дағдыларын дамыту;

·  үздіксіз кәсіби өзін-өзі білім алуға және кәсіби құзыреттерді кеңейтуге бағытталған ұстанымды қалыптастыру.

5

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

6

Берілетін академиялық дәреже

Білім магистрі

7

Оқыту нәтижелері

ОН 1. Оқытылатын пән саласында ғылыми танымның дамуының , ұйымды стратегиялық басқаруды ұйымдастырудың, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориясының қазіргі тенденцияларын қолдану

ОН 2. Ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін шет тілін кәсіби деңгейде көрсету;

ОН 3. Әртүрлі пәндерден алынған білімін біріктіріп, оларды жаңа бейтаныс жағдайларда аналитикалық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін қолдану;

ОН 4. Кәсіби мәселелерді шешуге ғылыми таным әдістерін, алынған білімді ғылыми зерттеулер контекстінде идеяларды бірегей дамыту және қолдану үшін қолдану.

ОН 5. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тарту арқылы ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу.

ОН 6. Педагогикалық қызметте педагогика және психология, оқытудың интерактивті әдістерін білу

ОН 7. Күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету үшін оқуды өз бетінше жалғастыру.

ОН 8. Диссертация, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазба және т. б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижелерін жалпылау.

ОН 9. Кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық қарым-қатынас, шешендік өнер, ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және логикалық рәсімдеу дағдысына ие болу.

8

Аккредиттеу

“ARQA” аккредиттеу және білім сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінің №HE-SA-000308 куәлігі.

01.06.2022 ж. бастап 31.05.2027 ж. дейін жарамды.

9

Рейтинг

-

 


Басып шығару