|
1 |
БББ атауы |
6B01713 Ағылшын тілі (IP) |
|
2 |
Дайындық бағыты |
6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
|
3 |
Мақсаты |
Білім берудің барлық деңгейлерінде, заманауи технологияларды және шетел тілін оқытудың негізделген әдістемелерін, соның ішінде STEM және CLIL-ді меңгерген мектептердің әртүрлі түрлерінде жұмыс істей алатын, тілдік құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейдегі ағылшын тілі оқытушыларын даярлау. |
|
4 |
Міндеттері |
· болашақ ағылшын тілі оқытушыларының жоғары деңгейдегі тілдік, коммуникативтік және педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру; · шет тілін оқытудың заманауи, ғылыми негізделген әдістемелері мен технологияларын (STEM, CLIL) меңгерту; · инклюзивті білім беру қағидаттарын ескере отырып, барлық білім беру деңгейлерінде шет тілін оқыту үдерісін жобалау, ұйымдастыру және іске асыру біліктерін қалыптастыру; · диалог пен коммуникацияға негізделген оқыту және критериалды бағалау әдістерін тиімді қолдану дағдыларын дамыту; · білім алушылардың жеке, жас ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескеру қабілетін дамыту; · білім беру үдерісінде цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану құзыреттілігін қалыптастыру; · зерттеушілік мәдениетті, рефлексивтік ойлауды және академиялық адалдық қағидаттарын кәсіби қызметте ұстануды дамыту; · кәсіби, академиялық және іскерлік қарым-қатынас жағдайында мәдениетаралық және әлеуметтік өзара әрекеттестікке даярлау; · пәнаралық білімдерді интеграциялау, үздіксіз кәсіби және тұлғалық дамуға ұмтылу қабілетін қалыптастыру. |
|
5 |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
|
6 |
Берілетін академиялық дәреже |
Білім бакалавры |
|
7 |
Оқыту нәтижелері |
ОН 1. Инклюзивті ортада білім алушыларды тұлға ретінде қолдау жүйесін әзірлеп, енгізеді. ОН 2. Диалог пен коммуникацияны пайдалана отырып, оқыту мен бағалаудың өзекті әдістерін қолданады. ОН 3. Педагогикалық зерттеулерді рефлексиялық тәжірибе ретінде жүзеге асырады. ОН 4. Балалардың жеке және жас ерекшеліктеріндегі білімі мен көзқарастарын түсіндіреді. ОН 5. Оқытылатын тілдердің фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық, лексикалық, графикалық, сөз жасамдық жүйелері туралы білімін әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайында ауызекі және жазбаша сөйлесімді жүзеге асыру үшін қолданады. ОН 6. Әр білім алушының білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, шетел тіліндегі оқу үдерісін үлгісін жасай алады. ОН 7.Болашақ мұғалімдер оқу құралдарының мазмұнын, стратегияларын таңдап, пайдалана алады; білім берудің барлық деңгейлерінде білім беру қызметін басқару, мұғалімнің білім беру жүйесіндегі педагогикалық процесте критериалды бағалау, инклюзивті орта және цифрландыру мүмкіндіктерін болжайды; өзін-өзі бағалау, талдау және бақылау мүмкіндіктерін көрсетеді. ОН 8. Болашақ мұғалімдер шетел тіліндегі мәтінді және оның тілді меңгеру деңгейіне сәйкес тілдегі сөз саптауын қабылдау, түсіну және түсіндіру арқылы тиімді коммуникативті әрекеттестікке қабілетті. ОН 9. Болашақ мұғалімдер басқа мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасай алады; жеке адамдармен, ұжыммен, қоғам мен әлеуметтік және мәдениетаралық қарым-қатынасты жүзеге асырады; кәсіби, академиялық және іскерлік қарым-қатынастың әртүрлі коммуникациялық жағдайларында коммуникативті ниеттерін жүзеге асырады. ОН 10. Болашақ мұғалімдер ұлттық әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді біліп мәдениетаралық қарым-қатынаста қолданады; елтану ақпаратын пайдалана біледі. ОН 11. Болашақ мұғалімдер пәнаралық білімдерін қолдана алады; кәсіби салада шешім қабылдау үшін әртүрлі пәндік салалардағы білім, білік және дағдыларды біріктіре отырып, тілдік әрекеттерді орындай алады. ОН 12. Болашақ мұғалімдер кәсіби маңызды ақпаратты сыни тұрғыдан талдай, өңдей және жүйелей алады, академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырып, эмпирикалық зерттеу әдістерін қолдана алады. ОН 13.Болашақ мұғалімдер қарым-қатынастың әртүрлі әлеуметтік жағдайларында бағдарлай алады, дәлелдерді қолдана отырып, өз пікірін/көзқарасын айта алады, топта жұмыс істей алады, жобалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін жеткізе алады, кәсіби және жеке тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады. |
|
8 |
Аккредиттеу |
- |
|
9 |
Рейтинг |
- |
КЭД 6В01713 Английский язык (IP) на 2025-2029 годы
Модель выпускника 6В01713 Английский язык (IP)
Образовательная программа 6В01713 Английский язык (IP)
Плaн развития ОП 6В01713 Aнглийский язык (IP) на 2024-2028 годы


