6В01703 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»

1.Білім беру бағдарламасының мақсаты:

- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, төмендегідей бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлау:

- кәсіби қызметте қажеті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;

- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті салалары бойынша жүйелі білім қалыптастыру;

- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінен оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыру;

- ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.

Бітірушіге «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бакалаврлары ұстаздар мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарды иелене алады (31.10.2018ж. Өзгерістер мен толықтырулармен)

Бағдарламаның негізгі принциптері:

· Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: пән дескрипторлары, цикл және дайындық деңгейі (мысалы, Дублин дескрипторлары, аккредиттеу агенттіктерінің талаптары және стратегиялық серіктестердің күтуі);

· еңбек нарығы мен тұтынушыларға бағытталған;

· конструктивті үйлесімділік пен сәйкестік қағидатына негізделген: түлектің моделі, мақсаттары, жоспарланған оқу нәтижелері, бағалау және оқыту әдістері;

· Кәсіби қызметтегі соңғы зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.

2. Түлектің біліктілік моделі

2.1. Білім – оқушыларға сапалы білім беру және тәрбиелеу; мектепте, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында сабақ беру, нақты жағдайлардағы әдістемелік білімі мен қолданбалы біліктілігінің болуы; ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі; қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорытуы; педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуі;

2.2. Іскерлік – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау; оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтауы; көп мәдениетті тұлға қалыптастыруы; оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыруы; сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлауы; нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі; оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы.

2.3. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізуі; инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функцияларын қалыптастыруы; инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негізін жетілдіруі.


Басып шығару