1.Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Оқу үрдісін магистранттардың жеке мүдделері мен қабілеттерін ескере отырып, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды және лингвистикалық ғылым жетістіктерін ескере отырып, жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқытуға, басқару және ұйымдастыру дағдыларына және көшбасшылық қасиеттеріне ие қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысын дайындау.
2. Білім беру бағдарламасының біліктілік мінездемелері
2.1. Кәсіби қызметі сферасы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі кәсіби қызметін білім беру саласында жүргізеді. Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша (әрі қарай – ҰБШ) біліктілік деңгейі – 7.
2.2 Кәсіби қызмет нысаны
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі кәсіби қызметінің нысандары:
− меншік нысанына және ведомостволық бағыныштылығына қарамастанорта білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлері;
− техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
− жоғары оқу орындары;
− ғылыми-зерттеу институттары;
− білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
− білім беру саласындағы өкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
2.3 Кәсіби қызметтің пәні
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрінің кәсіби қызмет пәні:
− инновациялық психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру;
− жоғары оқу орнының білім беру үдерісі шеңберінде магистранттардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
− оқу үдерісінде білім берумен қатар магистранттарға зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
− өкілетті және жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқаруда инновациялық үдерістерді қолдауын қамтамасыз ету.
2.4 Кәсіби қызмет түрлері
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі келесі кәсіби қызмет түрлерін орындауы мүмкін:
− білім беру (педагогикалық);
− оқу-тәрбиелік;
− оқу-технологиялық;
− әлеуметтік-педагогикалық;
− ғылыми-зерттеу;
− ұйымдастыру-басқарушылық.
2.5. Кәсіби қызметтің функциялары:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрінің кәсіби қызметі:
– оқытушылық;
– кәсіби-бағдарлаушылық;
– ғылыми-зерттеушілік.
2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрінің кәсіби қызметінің типтік міндеттері:
білім беру қызметі саласында:
− білім алушыларды оқыту және дамыту, оқыту үдерісін ұйымдастыру және тәрбие беру, педагогикалық үдерістерді жоспарлау және басқару, диагностика, түзету, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін болжау;
− жалпы білім беретін, техникалық және кәсіптік оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сабақ беру;
− білім беруде методикалық білігі мен шеберлігін жүзеге асыру;
− білім беру саласында инновациялық тәжірибелерді зерттеу, қорыту, тарату.
оқу-тәрбие саласында:
− оқу-тәрбие жұмыстарын заңдар мен заңдылықтар, қағидаттар мен педагогикалық үдерістердің тәрбиелік механизмдері тұрғысынан жүзеге асыру;
− тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;
− қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқып жатқан білім алушыларға тәрбие мен білім берудің әртүрлі формалары мен әдістерін сұрыптап таңдап қолдану және пайдалану;
− қоғамдық пікір, салт-дәстүр, әдептер негізінде әлеуметтік-этикалық құндылықтарды қалыптастыру және өз іс-әрекетінде пайдалану;
− іскерлік әдеп нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын меңгеру.
білім беруде жаңа технологияларды қолдану бойынша:
− білім беру үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану;
− ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты ақпараттарды іздеу үдерісін ұйымдастыруға қатысу және оларды өңдеу;
− кәсіптік және әлеуметтік-гуманитарлық саладағы алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу.
әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет саласында:
– білім алушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу және педагогикалық қолдау көрсету;
– іскерлік әдеп нормаларын, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын, тартымдылықтың жеке тұлғалық деңгейін объективті бағалауды қалыптастыру;
– дене, рухани және интеллектуалдық тұрғыдан өзін-өзі дамытудың амалдарын меңгерту, психологиялық сауаттылығын, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
ғылыми-зерттеу қызметі бойынша:
− ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып игеру және зерттеу;
− қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша инновациялық педагогикалық әдістерді зерттеу және қорыту;
− педагогикалық эксперименттер жүргізу және оның нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу;
− әртүрлі ғылыми және ғылыми-зерттеу мекемелерінде салалық пәндер бойынша ғылыми зерттеулер жасау;
− зерттеу жұмысының алгоритмін меңгеру;
− қоғамдық ғылымдар жетістіктерін пайдалана білу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорыту;
− зерттеу жұмыстарының жағымды жне жағымсыз салдарларын алдын ала болжай білуді меңгеру;
− өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін объективті түрде бағалауды үйрену.
басқару-ұйымдастыру қызметі аясында:
− оқу үдерісін қазақ тілі мен әдебиеті курстарының мазмұнын жоспарлау, дамушы ортаның мазмұнды қызметін ұйымдастыру үшін материалдарды, әдістер мен тәсілдерді таңдау және оны білім берудің әртүрлі деңгейлерінде білім алушыларды тәрбиелеу құралы ретінде қолдану;
− оқу-білім беру үдерісін жүзеге асыру және ұйымдастыру тәсілдерін анықтау;
− сәйкес келетін кәсіп бойынша өнідірістегі ұйымдастыру-технологиялық қызмет;
− мемлекеттік құрылымның әртүрлі деңгейіндегі өндірістік-басқару қызметі.
2.7 Кәсіби қызметтің мазмұны
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдары магистрінің кәсіби қызмет мазмұны:
− педагогикалық үдерісті басқару және оны сапалы ұйымдастыру;
− білім алушыларға танымдық әрекет тәсілдерін тиімді меңгертуге, білімнің жеке тұлғалық құндылығын танытуға бағдар ұстану;
− білім алушылардың өз қабілеттерін танып-білуі мен өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету үшін білімді дара тұлғаға бағдарлау;
− түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың өзінің білімін өзі жетілдіруіне және кәсіби бейімделуіне қолайлы жағдай тудыру;
− заманауи талаптарға сәйкес кәсіби, ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық әрекеттерді іске асыру.
«7М02301-филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламасының төлқұжаты
1. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Филология ғылымы саласындағы кәсіби біліктіліктермен гуманитарлық мәдениет, этикалық және жазба нормалары бар, адамдарға, қоғамға, қоршаған ортаға қатысты қарым-қатынасты реттейтін, дамыған когнитивтік, ақпараттық, коммуникативті, конструктивті, дизайнерлік, ұйымдастыру дағдылары, ойлау мәдениеті, өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары және еңбекті ғылыми ұйымдастыру қабілеті бар магистрлерді дайындау.
Түлекке филология білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
2. Білім беру бағдарламасының біліктілік мінездемелері
2.1. Кәсіби қызметі сферасы
Ғылыми және педагогикалық бағыттағы «7М02301-Филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны бітірушілер келесі кәсіби іс-әрекеттерді атқара алады:
- орта білім беру мекемелерінің, жекелік немесе ведомстволық формасына қарамастан, барлық типтері мен түрлері;
- техникалық және кәсіби білім беру мекемелері;
- жоғары оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта дайындау институттары;
- білім беру саласының уәкілетті және жергілікті атқару ұйымдары.
ҚҰР бойынша біліктілік деңгейі – 7.
2.2 Кәсіби қызмет нысаны
«Филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламасыбойынша магистратура түлектерінің кәсіби іс-әрекетінің нысандары мыналар болып табылады: республикалық, облыстық және аудандық халыққа білім беру бөлімдері, облыстық және аудандық әдістемелік орталықтар, ҚР БҒМ бақылау-аналитикалық қызметі, республикалық, облыстық және аудандық мәдениет ұйымдары, мемлекеттік, ведомстволық (оның ішінде түрлі жеке мекемелер), жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары.
2.3 Кәсіби қызметтің пәні
«Филология:қазақ тілі» білім беру бағдарламасыбойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет пәндері мыналар болып табылады:
-қазақ тілі мен әдебиеті, әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматын қалыптастыру
2.4 Кәсіби қызмет түрлері
«7М02301-Филология: қазақ тілі» бойынша ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураны бітірушілер төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін орындай алады:
- әкімшілік-басқару;
- мәдени-ұйымдастыру;
- ғылыми-педогогикалық;
- тілтанымдық, әдеби деректермен; ұлттық кітапхана қорымен; оқу-әдістемелік әдебиеттермен; арнайы ғылыми зерттеулермен; қазіргі заманғы нормативті-құқықтық актілер мен құжаттармен жұмыс жасау.
2.5. Кәсіби қызметтің функциялары:
«Филология:қазақ тілі» білім беру бағдарламасыбойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің кәсіби қызметінің функциялары:
-Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің нысандары бейіндік даярлау бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер, орта кәсіптік оқу орындары, басқару орындары,мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер;
- Ғылыми және педогогикалық даярлау бойынша жоғары оқу орындары, кәсіптік оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.
2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
Гуманитарлық ғылым магистрлерінің кәсіби іс-әрекетінің типтік міндеттері мыналар болып табылады:
- терең теориялық білім қалыптастыру;
- әдебиеттану, әдебиет тарихы, әдебиет сыны және лингвистика саласында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- ғылыми-зерттеу әдістері мен әдістемесін терең меңгеру;
- кәсіби деңгейін көтеру;
- кәсіби белсенділікті, конструктивті-әдістемелік қызметті дамыту;
- қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді түсінетін және шеше алуға қабілетті белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру;
- тұрақты өздігінен даму және өздігінен жетілу қабілеттілігін қалыптастыру;
- жалпы білім беретін, техникалық және кәсіби оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сабақ беру;
- оқу жағдаятында әдістемелік- білім мен қолданбалы біліктілігін жүзеге асыру;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
- филология пәндері бойынша инновациялық, педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту
- ғылыми мекемелерде және білім беру беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
- зерттеу қызметінің алгоритін білу;
- филология ғылымының, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін шығармашылықпен пайдалануға қол жеткізу және қорыту;
- ізденімдік жұмыстардың оңтайлы және теріс жақтарын алдын-ала болжай білу;
- өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін шынайы бағалай білу.
2.7 Кәсіби қызметтің мазмұны
«Филология:қазақ тілі» білім беру бағдарламасыбойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару;
· студенттердің танымдық қызмет әдістерін белсенді игеруіне және білім берудің тұлғалық маңыздылығына бағыттау;
· барлық білім беру процесін студенттің тұлғасына бағыттау, оның өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзінің ашылу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
· Әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың өзін-өзі білім алуына қолайлы жағдайлар туғызу және кәсіби бағдарлау.
6В01701 -«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының төлқұжаты
1.Білім беру бағдарламасының мақсаты:«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының мақсаты - толық және сапалы кәсіби білім, филологиялық ғылымдар саласындағы кәсіби құзыреттілік алу;
- гуманитарлық мәдениетті, адамдарға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасты реттейтін этикалық және орфографиялық нормаларды игеру;
- педагогикалық іс-әрекет үшін маңызды болып табылатын танымдық, ақпараттық және коммуникативті, сындарлы, дизайнерлік, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
- лингвистикалық, әдеби пәндер саласындағы кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру, оқыту қызметін жүзеге асыруға дайындық негізі ретінде оқыту әдістемесін игеру;
- ойлау, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын және еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәдениетін дамыту.
Бітірушіге «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру бакалаврлары ұстаздар мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарды иелене алады (31.10.2018ж. Өзгерістер мен толықтырулармен)
Бағдарламаның негізгі принциптері:
• Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: пән дескрипторлары, цикл және дайындық деңгейі (мысалы, Дублин дескрипторлары, аккредиттеу агенттіктерінің талаптары және стратегиялық серіктестердің күтіледі);
• еңбек нарығы мен тұтынушыларға бағытталған;
• конструктивті үйлесімділік пен сәйкестік қағидатына негізделген: түлектің моделі, мақсаттары, жоспарланған оқу нәтижелері, бағалау және оқыту әдістері;
Кәсіби қызметтегі соңғы зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.
2. Түлектің құзыреттілік моделі
2.1 В017 білім беру бағдарламасының түлегі тіл мен әдебиет бойынша мұғалімдерді кәсіби және кәсіби іс-әрекетінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыдан даяр болуы; ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеп, қорытуы;
2.2 Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңартылған білім берудің жаңа әдістері мен тәсілдерін, оқытудың инновациялық әдістерін игеруі; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау; оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтай алуы; қазақ тілі мен әдібиеті бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдай, оны инклюзивті білім беруде қолдана алуы;
2.3. Оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнату, оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы; педагогика саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;
2.4. Ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез
негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;
көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге, жаһандық сынақтарға бейімделуі.
«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының төлқұжаты
1.Білім беру бағдарламасының мақсаты:
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, төмендегідей бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлау:
- кәсіби қызметте қажеті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті салалары бойынша жүйелі білім қалыптастыру;
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінен оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыру;
- ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
Бітірушіге «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру бакалаврлары ұстаздар мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарды иелене алады (31.10.2018ж. Өзгерістер мен толықтырулармен)
Бағдарламаның негізгі принциптері:
· Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: пән дескрипторлары, цикл және дайындық деңгейі (мысалы, Дублин дескрипторлары, аккредиттеу агенттіктерінің талаптары және стратегиялық серіктестердің күтуі);
· еңбек нарығы мен тұтынушыларға бағытталған;
· конструктивті үйлесімділік пен сәйкестік қағидатына негізделген: түлектің моделі, мақсаттары, жоспарланған оқу нәтижелері, бағалау және оқыту әдістері;
· Кәсіби қызметтегі соңғы зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.
2. Түлектің біліктілік моделі
2.1. Білім – оқушыларға сапалы білім беру және тәрбиелеу; мектепте, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында сабақ беру, нақты жағдайлардағы әдістемелік білімі мен қолданбалы біліктілігінің болуы; ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі; қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорытуы; педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуі;
2.2. Іскерлік – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау; оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтауы; көп мәдениетті тұлға қалыптастыруы; оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыруы; сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлауы; нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі; оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы.
2.3. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізуі; инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функцияларын қалыптастыруы; инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негізін жетілдіруі.