
аға оқытушы, магистр
Өмірбаян
Мен Насырова Мирамгул Аязбайқызы , 1980 жылы 1 мамырда Орал облысы , Жымпиты ауданында дүниеге келдім.Ұлтым қазақ, ҚР азаматымын.
1987 жылы Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылында орналасқан В.И.Ленин атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылдандым. Аталған мектептен 1995 жылы 9 -сыныбын аяқтадым.
Ата- анамның Орал қаласына қоныс аударуына байланысты 1995 жылы Орал қаласындағы М.Ихсанов атындағы №36 мектепте оқуымды жалғастырдым.
1997 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында №36 мектепті толық аяқтап. Орта білім алдым.
1998 жылы Дәулеткерей атындағы өнер институтының кітапханатану және библиографиятану бөліміне оқуға түстім. 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін кітапханашы -библиограф профильді мамандығы бойынша тәмамдадым.
2002 жылы өзім оқыған Батыс Қазақстан университетінің кітапханатану және библиография кафедрасына оқытушылық қызметке орналастым. Қазіргі уақытқа дейін осы оқу орнында қызмет атқарамын. Бүгінгі күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Тіл, әдебиет және ақпарат» БББ аға оқытушы , магистр қызметіндемін. Педагогикалық еңбек өтілім 24 жыл, кәсіби қызметім барысында студенттерге кітапханалық- педагогикалық қызмет, оқу мәдениеті, және медиасауаттылық бағыттары бойынша дәріс және практикалық сабақтар жүргіземін.
2016 жылы Ресей Федерациясы, Қалмақ Республикасы, Элиста қаласында орналасқан Б.Б.Городовикова атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің экономика факультетіне магистратураға түстім. 2018 жылы аталған университеттің экономика бөлімінен, менеджмент және маркетинг бағыты бойынша «Кітапхана ісіндегі маркетинг» тақырыбында магистрлік диссертациямды қорғап, экономика магистрі академиялық дәрежесін алдым.
Педагогикалық қызметім барысында студенттердің ғылыми-зерттеу және кәсіби даярлығына жетекшілік жасап, республикалық пәндік олимпиадаларға білім алушыларды дайындадым. Студенттерім республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
Негізгі ғылыми-зерттеу бағытым – педагогикалық үдерісте цифрлық кітапхана ортасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын зерделеу, студенттердің ақпараттық мәдениеті мен медиасауаттылығын қалыптастыру, сондай-ақ кітапханалық маркетингті дамыту және жетілдіру мәселелерін зерттеу. Осы бағыттар бойынша ғылыми мақалалар әзірлеп, отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияладым. Сонымен қатар ғылыми конференциялар мен кәсіби-ғылыми іс-шараларға белсенді қатысып, тәжірибе алмасу және кәсіби білімімді жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келемін.
Оқу-әдістемелік қызметімнің негізгі бағыты – кітапхана ісі мамандарын даярлау мазмұнын заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру. Осы мақсатта студенттердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын ұштастыра отырып, заманауи кітапханалық-ақпараттық ортаның талаптарына бейімделген кәсіби даярлығын қамтамасыз етуге бағытталған оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырып келемін.
Тұрмыстамын, жолдасым Бисенов Бағдат Сапарұлы 1976 жылы, 12 тамызда дүниеге келген. Қазіргі уақытта Ақсай қаласында мұнай- газ саласында мастер болып қызмет атқарады. Жолдасым екеуіміз үш ұл тәрбиелеп отырмыз.
Үлкен ұлым Сапар Абумансұр Бағдатұлы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ университетінің 2 курс студенті.
Ортаншы ұлым Сапар Бейбарыс Бағдатұлы №12 ЖОББМ 10 сынып оқушысы.
Кіші ұлым Сапар Ерсұлтан Бағдатұлы №12 ЖОББМ 2- сынып оқушысы.


