Ғылыми дәрежесі: оқытушы, магистр
Жалпы еңбек өтілі: 15 жыл
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Өмірбаян
Саркулова Дамира Самигуллиевна – ағылшын тілінің оқытушысы, магистр.
1983 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келді.
2000-2004 жж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің күндізгі бөлімінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып, ағылшын және неміс тілдері пәндерінің мұғалімі біліктілігін алып шықты.
2005-2006 жж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің шет тілдері кафедрасында ассистент болып жұмыс атқарды.
2006-2010 жж. Орал қаласының әуежайында қазақ және ағылшын тілдерінің аудармашысы қызметін атқарды.
2010 жылдан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетіндегі шет тілдері кафедрасында ағылшын тілінің оқытушысы болып жұмыс атқаруда.
2012 жылы шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының магистратура бөліміне оқуға түсіп, п.ғ.к. М.Қ.Ажгалиевтің жетекшілігімен «Ағылшын және қазақ тілінде сөйлеу этикеті» тақырыбында диссертация жазды. 2014 жылы педагогика ғылымдарының магистрі дірежесін алды.
2012, 2013, 2014, 2015 жылдары ҰБТ өткізу және бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің өкілі болып жұмыс атқарды. Аталған жылдары Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің жанындағы Ұлттық тестілеу орталығы атынан алғыс хатпен марапатталды.