Өмірбаян
Тлеукенова Эльмира Жумагалиевна 1987 жылы 17 қарашасында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Орал қаласындағы №1 орта мектебін бітірді. 2003 жылы Орал педагогикалық колледжінің «Шет тілі» мамандығына оқуға түсті. 2007 жылы Орал педагогикалық колледжін бітірген соң, Еуразиялық акамедиясының «Шет тілдері» факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығына оқуға түсті. 2010 жылы білім беру бакалавры дәрежесін алды. 2014 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2016 жылы білім беру саласындағы ғылым магистрі дәрежесін алды. 2023 жылы Жусуп Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің «Педагогика» мамандығы бойынша докторантураға түсті. 2007-2008ж.ж. Еуразиялық академиясының «Есеп және аудит» факультетінде хатшы-әдіскер лауазымын атқарды. 2010-2016ж.ж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Шет тілдері» кафедрасында аға зертханашы болып жұмыс істеді. 2016-2018ж.ж. №1 жалпы орта білім беретін мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2020-2023ж.ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде филология факультеті деканының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасында ағылшын тілі пәні оқытушысы қызметін атқарып келеді.
Біліктілікті арттыру
- Біліктілікті арттыру курсы «Смарт білім беру: әдістемелер мен технологиялар ресурсы». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, 2020 жылдың 12–26 қарашасы, 72 сағат.
- Біліктілікті арттыру курсы «Жастармен жұмыс істеуге арналған медиа және ақпараттық сауаттылық». Орал, Қазақстан, 2021 жылдың 12–13 мамыры.
- Біліктілікті арттыру курсы «ISO 37001:2016 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі». «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы, Орал, Қазақстан, 2021 жылдың 9–21 маусымы, 72 сағат.
- Біліктілікті арттыру курсы «Білім берудегі менеджмент». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, 2022 жылдың 21 ақпаны – 4 наурызы, 72 сағат.
- Біліктілікті арттыру курсы «Арнайы және академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі». М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан, 2023 жылдың 3–14 сәуірі, 72 сағат.
- Біліктілікті арттыру курсы «Қаржылық сауаттылықты арттыру». Орал, Қазақстан, 2023 жылдың 18–22 қыркүйегі, 40 сағат.
- «English language A1–B2» (Ағылшын тілі A1–B2). «Society for Academic Activity» қауымдастығы, Сербия, Ниш қ., 2025 жылдың 20 қаңтары – 20 ақпаны, 80 сағат.
- «Inclusive Education Management in Higher Education, Communication Ethics, and Conflict Resolution» (Жоғары білім берудегі инклюзивті білім беруді басқару, коммуникация этикасы және қақтығыстарды шешу). «Society for Academic Activity» қауымдастығы, Сербия, 2025 жылдың 7–18 сәуірі, 72 сағат.
Ғылыми еңбектері
- «Psycholinguistic reflection on antinomy»: “Kazakh-Hungarian narratives of cultural, social and economic diversity” атты халықаралық конференция материалдары, 27.01.2023 ж., Дебрецен қ. (Венгрия).
- «Шетел тілін оқытуда гендерлік тұрғыдан мотивацияны қалыптастыру» атты мақала «Әлемдік ғылымның басымдықтары: өзекті зерттеулер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағында, 31.05.2023 ж., Мәскеу қ. (Ресей).
- “Monitoring and criteria for assessing student achievements in Kazakhstani universities and reforming them” атты мақала “Theoretical foundations of scientists and modern opinions regarding the implementation of modern trends” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағында, 27–30.06.2023 ж., Сан-Франциско қ. (АҚШ).
- «Аралас және аударылған оқытудың тілдік емес бағыттардағы студенттердің икемді дағдыларын дамытуға әсері» атты мақала халықаралық ғылыми «Endless Light In Science» журналында жарияланды. 30.11.2025 ж., Астана (Қазақстан).
Оқу-әдістемелік құралдар:
1.«6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті», «6В01704 – Орыс тілі мен әдебиеті орыс емес тілінде оқытатын мектептерде» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне арналған «Шетел тілі A2–B1» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар жинағы. – Қазақстан, Орал: М. Өтемісов атындағы БҚУ редакциялық-баспа орталығы, 2023.
Пәндер
- Шет тілі (А1-А2)
- Шет тілі (А2-В1)
- Ағылшын тілі (В2.1 деңгейі)
- Ағылшын тілі (В2.2 деңгейі)