Серіков Бакытжан Маратович
«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының 2022 ж. түлегі. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінде мемлекеттік тілді енгізуші офицер. Әскери шені: лейтенант.

Кінамаев Ернұр Серікұлы
М.Өтемісов атындағы БҚУ филология факультетінің 2021 жылғы түлегі. Еңбек жолын 2020 жылы республикалық "ТDK42" телеарнасында бастап, 2022 жылға дейін "Арайлы таң" бағдарламасының жүргізушісі, "Жаңа алаң" ток шоуының редакторы қызметтерін атқарды. 2022 жылдан күні бүгінге дейін "AQJAIYQ" телеарнасының редакторы әрі дикторы және "Апта" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.

Жәми Күншуақ Ұзаққызы
М.Өтемісов атындағы БҚУ филология факультетінің 2023 жылғы түлегі. 2023 жылдан бастап «AQJAIYQ» телеарнасынада редактор қызметін атқарып келеді. «Күншуақ», «Жанымның жағалауы» бағдарламаларының жауапты редакторы әрі жүргізушісі.

Рыскалиева Зухра Сагынгаликызы
«Филология: қазақ филологиясы» БББ 2023 жылғы түлегі. Астана қаласы, Полиция департаменті, Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы, полиция, аға лейтенанты.

Аманжол Исламғали
М. Өтемісов атындағы БҚУ Филология факультетінің 2022 жылғы түлегі. 2022-2024 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің тілші-журналисті болып қызмет етті. Қазіргі кезде С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкері. Жас ақын. Өлеңдері бірқатар әдеби-мәдени порталдар мен газет-журналдарда жарық көрді. Сонымен қатар жас ақындардың ұжымдық жинақтарына енді.

Амангельдина Айжан Бауыржанқызы
“Филология: қазақ тілі” мамандығының 2019 жылғы түлегі. Батыс Қазақстан облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның Ақпарат және жарнамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы.

Ғилымханов Мәрлен Мәлікұлы
“Филология: қазақ тілі” мамандығының 2021 жылғы түлегі.«Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.
Утебаева Жанна Канатжановна
«Филология: орыс филологиясы» БББ 2024 жылғы түлегі. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы, «Ақжайық» телеарнасының тілшісі.

Исмаганбетова Альбина Азаматқызы
«Филология: орыс филологиясы» БББ 2024 жылғы түлегі. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Атырау облыстық филиалының тілшісі.

Жекенова Альбина Ерболовна
Жекенова Альбина Ерболовна, «Филология: орыс филологиясы» БББ 2024 жылғы түлегі.ТДК-42 телеарнасының тілшісі

Автаева Жанна
«Филология: орыс филологиясы» мамандығының 2022 жылғы түлегі.Представитель пресс-службы ЗКУ им. М. Утемисова, корреспондент газеты «Өркен»

Ақмурзина Аяжан
«Кітапхана ісі» БББ 2023 жылғы түлегі.Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кітапханашысы.

Бекзат Хожамедов Темірбайұлы
«Кітапхана ісі» БББ 2024жылғы түлегі.Қазіргі таңда Ақтау қалалық әкімдігінің қалалық кітапханасының №8 филиалында кітапханашысы.

Айтжанова Орынай Шаухарқызы
Айтжанова Орынай Шаухарқызы, «Кітапхана ісі» БББ 2024 жылғы түлегі.Атырау қалалық №20 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің кітапханашысы



