Сараман

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде практиканы ұйымдастыру 2023 жылғы 25 қыркүйектегі (№1 хаттама) Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген «Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидалары және ұйымдарды практика базалары ретінде айқындау» ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.                                                                                                                       

«Шетел тілдері мен әдебиетін оқыту мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша практиканы өткізу және ұйымдастыру Қазақстан Республикасының білім беру сапасын қамтамасыз етуге және заманауи талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар негізгі құжаттар мен стандарттар негізінде жасалған. Олардың негізгілері мыналар:

  1. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (БМЖМС) (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы):
  • Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
  • Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
  • Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
  1. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы).
  2. Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидалары және ұйымдарды практика базалары ретінде айқындау (Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Ғылыми кеңесінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешімі, №1 хаттама).                                                                                  

6В01705 «ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС ПРАКТИКАНЫҢ КЕЛЕСІ ТҮРЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

ПРАКТИКА ТҮРІ

ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Оқу (таныстыру) практикасы 1

Практиканың мақсаты: студенттердің мұғалім қызметінің әлеуметтік маңыздылығын ұғынуы.

Практиканың мазмұны: мектептегі тұтас педагогикалық үдерістегі басқару жүйесімен, мектеп құжаттамасымен (мектептің жұмыс жоспары, сынып жетекшісінің жоспарлары және т.б.), мұғалімнің қызметімен танысу.

Оқу (таныстыру) практикасы 2

Практиканың мақсаты: мұғалімнің оқушы тұлғасының қалыптасуына ықпалын студенттердің түсінуі.

Практиканың мазмұны: әртүрлі әдістерді қолдану негізінде пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметімен танысу; оқушылардың дене дамуының ерекшеліктерін, күн тәртібін, тамақтану режимін, сабақ кестесін, мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын зерделеу.

Психологиялық-педагогикалық практика 1

Практиканың мақсаты: сыныптағы педагогикалық үдерістің жай-күйін зерделеу.

Практиканың мазмұны: нормативтік және мұғалімдер әзірлеген жоспарларды зерттеу, оқу үдерісінің әртүрлі нысандардағы жай-күйін талдау; пән мұғалімінің сабағына арналған дидактикалық материалдарды дайындауға қатысу.

Психологиялық-педагогикалық практика 2

Практиканың мақсаты: тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөліктері ретіндегі оқу және тәрбие үдерістерінің жай-күйін ұғыну.

Практиканың мазмұны: пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесін зерделеу; сыныптан тыс танымдық іс-шаралардың әртүрлі нысандарын өткізуге, тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу.

Тілдік практика 1

Практиканың мақсаты – ағылшын тілі бойынша білімді бекіту және тереңдету, ағылшын тілінде өзіндік практикалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Тілдік практика 2

Тілдік практика оқу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады және оқу барысында алынған теориялық білімді бекітуге және тереңдетуге, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынас үшін шет тілін практикалық тұрғыда меңгеруді жетілдіруге бағытталған.

Педагогикалық практика 1

Практиканың мақсаты – студенттердің ағылшын тілі бойынша оқу, сыныптан тыс және тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; жаңартылған орта білім мазмұны талаптарына сәйкес білім беру ұйымында жұмыс істеуге қажетті құжаттаманы рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру. Педагогикалық практика студенттерге диагностикалық қызметті жүзеге асыруға, мектеп жағдайына бейімделуге, коммуникативтік мәдениетті қалыптастыруға, ұйымдастырушылық біліктерді, педагогикалық қарым-қатынас тактикасы мен стратегиясын дамытуға мүмкіндік береді.

Педагогикалық практика 2

Практиканың мақсаты – білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін жобалау және жүзеге асырумен байланысты кәсіби педагогикалық құзыреттерді қалыптастыру; студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімделуіне жағдай жасау; педагог мамандығының нормалары мен құндылықтарын меңгеру; практикалық педагогикалық қызмет тәжірибесін жинақтау; тұлғаның кәсіби бағыттылығын қалыптастыру.

Өндірістік (педагогикалық) практика

Практиканың мақсаты – оқу сабақтарын өз бетінше өткізу және талдау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру; заманауи оқыту стратегияларын (сын тұрғысынан ойлау, функционалдық сауаттылық, критериалды бағалау, коллаборативті оқыту) және инновациялық білім беру технологияларын практикалық қызметте қолдану; бітіру біліктілік жұмысының таңдалған тақырыбына сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеуді практикалық тұрғыда жүзеге асыру.

Дипломалды практика

Практиканың мақсаты – дипломдық жұмысты (жобаны) жазуды аяқтау.

Дипломалды практиканың негізгі міндеттері:

- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалды жинау, өңдеу және жинақтау;

- дипломдық зерттеу тақырыбы бойынша статистикалық деректер мен практикалық материалды талдау;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша қорытындылар, заңдылықтар, ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;

- дипломдық жұмысты (жобаны) белгіленген талаптарға сәйкес рәсімдеу.

6В01714 ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ (IP)

Мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика, 1-курс)

Бұл курстың мақсаты болашақ мұғалімдерді білім беру үдерісімен және білім беру ұйымдарындағы жағдаймен таныстыру, оларды болашақ кәсіби қызмет жағдайына бейімдеу болып табылады.

Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер:

•          Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің нормативтік-заңнамалық базасын, білім беру ұйымдарының қызметін реттеуші құжаттарды түсінеді және сипаттайды

•          мектеп құжаттамасын жүргізуге арналған негізгі құжаттарды (оқу орнының жұмыс жоспарлары, «Күнделік» электрондық күнделігі, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді сабақ жоспарлауы және т.б.) ажыратады және түсіндіреді

•          білім алушылардың әлеуметтік, жас, психофизикалық және жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу үдерісінде педагогика мен психологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін түсіну.

Психологиялық және педагогикалық бағалау (педагогикалық практика, 2-курс)

Бұл курстың мақсаты болашақ мұғалімдерді білім беру мекемесінің тұтас педагогикалық үдерісінің ерекшеліктерімен таныстыру және білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету саласында талдау-рефлексивтік, зерттеу, жобалық және басқа дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер:

•          оқыту стратегияларының психологиялық және педагогикалық негіздерін түсіну (сыни тұрғысынан ойлау, функционалдық сауаттылық, бірлесіп оқу, өз бетінше білім алу, өзін-өзі жетілдіру, критериалды-бағдарланған оқыту)

•          білім алушылар тобын бағалау үшін психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерін қолданады және білім беру ұйымының психологиялық қолдау қызметтері қалай жұмыс істейтінін түсінеді

•          мұғалімнің жұмысын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан түсіну және болашақ мұғалім ретінде өзінің кәсіби ерекшелігін түсіну;

•          оқу үдерісінде білім алушылардың оң және жауапты мінез-құлқын нығайту үшін тиімді диалог құру;

•          білім беру үдерісінің барлық мүдделі тараптарымен ынтымақтасу;

•          тұтас педагогикалық үдерісті оның әртүрлі формаларында (сабақ, семинар, дөңгелек үстел, пікірталас және т.б.) талдау және дамыту, пән бойынша сыныптан тыс іс-шаралардың әртүрлі формаларын жүргізу.

Педагогикалық тәсілдер (педагогикалық практика, 3-курс)

Бұл практиканың мақсаты болашақ мұғалімдерді жан-жақты дамыту, практикада кәсіби біліктілікті жетілдіру және мұғалім (пән мұғалімі, сынып жетекшісінің көмекшісі/кураторы) ретінде жұмыс істеу үшін қажетті пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер:

•          сындарлы және инклюзивті білім беру үдерісін өз бетінше жобалайды және ұйымдастырады;

•          білім беру технологиялары мен цифрлық ортаны пайдалануды ескере отырып, орынды және қолайлы оқу материалдарын, инновациялық педагогикалық тәсілдерді және белсенді оқытуды таңдайды;

•          пәндік білім мен дидактиканы қолданады;

•          формативті және жиынтық бағалау әдістері мен технологияларын қолданады, білім алушылардың рефлексия, өзін - өзі және өзара бағалау дағдыларын дамытуды қолдайды;

•          мәселелер мен жанжалды жағдайларды шешу және қауіпсіз оқу ортасын қамтамасыз ету үшін білім беру процесінің барлық мүдделі тараптарымен диалогтық байланыс орнатады.

Білім берудегі зерттеулер және инновациялар (педагогикалық практика, 4-курс)

Бұл практика болашақ мұғалімдердің өздерінің кәсіби қызметі мен жұмыс ортасын дамытуға көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, практика ынтымақтастық, мәселелерді шешу және көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Олар өздерінің педагогикалық және зерттеу дағдыларын тереңдетеді, сондай-ақ өз мамандануына сәйкес практикалық дағдыларды (дидактика) дамытады.

Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер:

•          гипотезаны тестілеу, педагогикалық эксперименттер жүргізу және/немесе зерттеу жоспарына сәйкес деректерді жинау үшін сындарлы және инклюзивті білім беру үдерісін өз бетінше жобалайды және ұйымдастырады;

•          оқу мен оқытудың инновациялық стратегияларын, сондай-ақ пән бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ/сабақ жоспарлары, оқу және сыныптан тыс іс-шаралар негізінде білім беру үдерісін және/немесе сыныптан тыс іс-шараларды жобалайды, өткізеді және бағалау әдістері мен құралдарын қолданады;

•          эксперименттердің нәтижелерін және/немесе жиналған деректерді талдап, қорытынды жасайды;

•          әртүрлі коммуникация формаларын қолдана отырып, зерттеу қызметін құжаттап және нәтижелерді кәсіби түрде ұсынады;

•          өзінің кәсіби қызметін ұйым қызметімен өзара байланыста бағалайды және эксперименттер мен практикалық зерттеулер арқылы өз жұмысы мен жұмыс ортасын жақсарту бойынша идеялар құрады.

6В01713 АҒЫЛШЫН ТІЛІ (IP)

Тілдік практика 1

Тілдік практиканың мақсаты – ағылшын тілінен алған білімдерін бекіту және тереңдету, ағылшын тілінде өз бетінше практикалық жұмыс жасау дағдыларын меңгеру.

Тілдік практика 2

Тілдік практика оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекітуге және тереңдетуге, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас үшін шет тілінің практикалық білімін тереңдетуге бағытталған.

Практика базалары ретінде облыс орталығының жалпы білім беретін орта мектептері, Батыс Қазақстан облысының аудандық мектептері және Батыс өңірдің көршілес облыстарының мектептері белгіленген. Практика базаларына қаладағы 30 мектеп және аудандық 18 мектеп кіреді. Студенттерді қамту 100% құрайды. Тілдік практиканы ұйымдастыру «Шетел тілдері мен әдебиетін оқыту мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы базасында жүзеге асырылады.

«Шетел тілдері мен әдебиетін оқыту мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша практиканы өткізу және ұйымдастыру 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде әзірленген, 2023 жылғы 19 қаңтардағы өзгерістері бар 7М01705 Шет тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасы шетел тілдері кафедрасының отырысында талқыланып, оң шешім алған (2023 жылғы 9 наурыз, №7 хаттама), филология факультеті кеңесінің отырысында қаралып, ұсынылған (2023 жылғы 10 наурыз, №7 хаттама) және Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген (2023 жылғы 19 маусым, №10 хаттама).

7М01705 «ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС ПРАКТИКАНЫҢ КЕЛЕСІ ТҮРЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Педагогикалық практика

Педагогикалық практика магистратураның білім беру бағдарламасының бір бөлігі болып табылады және магистранттардың теориялық білімдерін практикалық қызметте қолдануына, қажетті кәсіби біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Практиканың мақсаты: магистранттардың жоғары оқу орны аудиториясында жұмыс істеуге қажетті білімдері мен практикалық дағдыларын меңгеруі, кәсіби қасиеттері мен педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру.

Зерттеу (оның ішінде тағылымдамадан өту) практикасы

Практиканың мақсаты: жалпығылыми және кәсіби циклдің теориялық және қолданбалы пәндерін оқу барысында алынған білімді кеңейту және тереңдету; таңдалған кәсіби қызмет саласында дербес ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

Практиканың мазмұны: болашақ кәсіби қызмет бағытына сәйкес магистрлік жұмыстың пәнін құрайтын ғылыми проблеманың теориясы мен практикасы бойынша ғылыми, оқу, әдістемелік, оқу-әдістемелік және мерзімді әдебиеттерді, нормативтік-анықтамалық және құқықтық ақпаратты зерделеу; әзірленген практика бағдарламасына сәйкес магистрлік жұмыс тақырыбы шеңберінде практиканы өтуге арналған жеке жоспар мен зерттеу жүргізу кестесін әзірлеу; қазіргі әдебиеттегі магистрлік жұмыстың пәнін құрайтын ғылыми проблеманы шешудің негізгі тәсілдерін зерттеу.

«Шетел тілдері мен әдебиетін оқыту мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша практиканы өткізу және ұйымдастыру 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде әзірленген, 2023 жылғы 19 қаңтардағы өзгерістері бар 7М01709 Шет тілі: екі шет тілі білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасы шетел тілдері кафедрасының отырысында талқыланып, оң шешім алған (2023 жылғы 9 наурыз, №7 хаттама), филология факультеті кеңесінің отырысында қаралып, ұсынылған (2023 жылғы 10 наурыз, №7 хаттама) және Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген (2022 жылғы 30 мамыр, №9 хаттама).

7М01709 «ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС ПРАКТИКАНЫҢ КЕЛЕСІ ТҮРЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Өндірістік практика

Басып шығару