2023–2025 жылдардағы түлектерді жұмысқа орналастыру «Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы бойынша
«Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы түлектерінің жұмысқа орналасуы білім беру қызметінің тиімділігі мен мамандарды даярлау сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Осы бағыттағы жұмыстың мақсаты – «Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы түлектерін жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру, сондай-ақ білім беру сапасын және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жетілдіру.
Соңғы жылдардағы жұмысқа орналасу мониторингі деректерін талдау тұрақты оң динамиканы көрсетеді. Білім беру бағдарламасының түлектері кәсіби ортаға сәтті бейімделіп, олардың басым бөлігі университетті бітіргеннен кейін алғашқы жылы-ақ мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.
Түлектердің кәсіби қызметінің негізгі бағыттары:
- орта білім беру ұйымдары (жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер);
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер);
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;
- жоғары оқу орындары;
- тілдік және білім беру орталықтары;
- аударма және мәдениетаралық коммуникация саласы.
Түлектердің көпшілігі өздерінің даярлық бағыты бойынша кәсіби қызмет атқарады, бұл білім беру бағдарламасының еңбек нарығы талаптарына жоғары деңгейде сәйкестігін көрсетеді.
«Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасының түлектері тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес, сонымен қатар елдің басқа өңірлерінде, соның ішінде Астана қаласында, сондай-ақ Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарында жұмыс істейді. Бағдарлама мамандарына жұмыс берушілер тарапынан тұрақты сұраныс байқалады: университетке түлектерге қатысты сұраныстар тұрақты түрде келіп түседі, оның ішінде Ақтау және Атырау қалаларынан да.
Түлектердің бір бөлігі магистратурада оқуын жалғастырады, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында да білім алады, бұл олардың академиялық дайындық деңгейінің жоғары екенін және ғылыми-зерттеу қызметіне деген мотивациясының қалыптасқанын дәлелдейді.
Университетте және филология факультетінде түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Жыл сайын түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізіледі. Жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде білім беру ұйымдарының өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырылады.
«Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы жыл сайын түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ететін кешенді іс-шаралар өткізеді, оның ішінде дөңгелек үстелдер, кәсіби бағдар беру кездесулері және мансаптық іс-шаралар, олар қалалық және ауылдық жерлерде жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Ауылдық елді мекендерде жас мамандарды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылады. Түлектерге ауылдық мектептерде жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі, мұнда қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға көтерме жәрдемақылар мен әлеуметтік кепілдіктерді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
Жұмысқа орналасу процесінде кәсіби практиканы ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Студенттер өңірдегі білім беру ұйымдарының базасында практикадан өтеді, бұл олардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді және көп жағдайда кейінгі жұмысқа орналасуына негіз болады.
Түлектердің қосымша артықшылығы – олардың шетел тілдерін жоғары деңгейде меңгеруі, сондай-ақ қалыптасқан әдістемелік, коммуникативтік және цифрлық құзыреттері, бұл олардың қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Күндізгі бөлім
2023-2025 жыл
|
Бітірген жылы |
Түлектер саны |
Жұмысқа орналасқандар |
Бала күтімі |
Магистратура |
Пайыз |
|
2023 |
163 |
97 |
19 |
30 |
90% |
|
2024 |
127 |
71 |
4 |
32 |
86% |
|
2025 |
131 |
66 |
9 |
15 |
70% |
Магистратура
2023-2025 жыл
|
Бітірген жылы |
Түлектер саны |
Жұмысқа орналасқандар |
Бала күтімі |
Доктарантура |
Пайыз |
|
2023 |
13 |
9 |
4 |
- |
100% |
|
2024 |
11 |
11 |
- |
- |
100% |
|
2025 |
12 |
12 |
- |
- |
100% |
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР
Тлесов Алишер
2022 жылғы түлек
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде «Көптілді білім беру» бағыты бойынша гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистранты, Астана қаласы

Талапова Асель Қайратовна
2022 жылғы түлек
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранты, Алматы қаласы

Мұхамбетқалиева Амина Тлековна
2023 жылғы түлек
Д. Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі, Атырау қаласы

Октяброва Айгерім Болатовна
2023 жылғы түлек
«Ағылшын филологиясы: мұғалім даярлау бағдарламасы», Ополе университеті, Польша

Бисенғали Шерхан Мирланович
2023 жылғы түлек
№26 жалпы орта білім беретін мектептің ағылшын тілі мұғалімі, Орал қаласы

Максотова Назик Қуанышовна
2023 жылғы түлек
Astana International University 1-курс магистранты, Астана қаласы

Бахитова Жангүл Қайыржановна
2023 жылғы түлек
С. Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының ағылшын тілі мұғалімі, Орал қаласы

Аскарова Айгерім Аскаровна
2023 жылғы түлек
Покатиловка жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, Теректі ауданы, Орал қаласы

Хадида Сайлаубаева Тулегииновна
2023 жылғы түлек
Назарбаев Университетінің «Жоғары саясат» мектебінің магистратура студенті, Астана қаласы

Кдиршаев Мақсат Абатұлы
2023 жылғы түлек
Сиена университетінің «Қоғамдық және мәдени дипломатия» мамандығы бойынша магистранты, Италия

Ернур Нұрмұхамбетов
2024 жылғы түлек
Назарбаев Университетінде «Көптілді білім беру» мамандығы бойынша магистратураның 1-курс студенті, Астана қаласы

Даниял Исатаев
2024 жылғы түлек
KIMEP университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураның 1-курс студенті, Алматы қаласы

Жарасов Азилхан Дарханович
2025 жылғы түлек
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің «Көптілді білім беру» бағдарламасы бойынша магистранты, Астана қаласы

Қашқынова Гүлфайруз Ануарбековна
2025 жылғы түлек
Г. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құдрашево ауылы

Өтеген Дильназ Мәжитқызы
2025 жылғы түлек
Қ. Сәтпаев атындағы BINOM мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі, Астана қаласы


