М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиевпен кездесу

Бүгін өзіміздің қара шаңырақ М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың филология факультетінің "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығы бойынша білім алып жатқан ИЯ-31 тобымен кездесу кешінде болдым. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы: өз ісіне өте мұқият қарайтын әріптесім, топ кураторы Айгүл Бисембайқызы Насимуллина ханым. Студенттермен 1 сағаттың үстінде болған дөңгелек үстелдің негізгі өзегіне айналған мәселе қазақтың тілі мен тарихына арналды. Әсіресе мені қуантқаны 3-4 тілге жетік қазіргі жас буынның ана тілі мен ата тарихына бей-жай қарай алмайтындығы, оған кәдімгідей алаңдайтыны. Жалынды жастарды толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға шама-шарқымызша жауап беруге ұмтылдық.

Кеш соңында олар кездесуден естелік-сый ретінде мұқабасы мен қорабына аты-жөнім жазылған күнделік пен тәттіні тарту етіп, өздеріңнің ризашылықтарын білдірді.


Печать