«Абайдың 175 жылдығына арналған жас ақындардың республикалық «Мүшәйра» конкурсын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасы аясында өткізілген ТРЕНИНГ

«Абайдың 175 жылдығына арналған жас ақындардың республикалық «Мүшәйра» конкурсын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасы аясында өткізілген ТРЕНИНГ

2020 жылдың 15 қыркүйек күні қазақ филологиясының доценті, айтыскер ақын, 7-ші Алтын домбыра, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры Мусина Жансая Ғалымжанқызы университеттің 1-4 курс студенттері арасында «Әдеби жазу дағдыларын дамыту» атты тақырыбында онлайн тренинг өткізді.

Тренинг жастардың шығармашылық ізденісіне жағдай жасай отырып, ел рухын көтеретін, поэзиямыздың мүмкіндігін танытатын өлеңдердің жазылуына мүмкіндік беру. Жас ақындардың шығармашылық дамуына жол ашу бағытында ұйымдастырылды.

Онлайн тренинг барысында өнерлі жастар өз туындыларынан үзінді оқып, айтыскер-ақын Жансая Мусинадан кеңес алып, еркін форматта өтті.

 

 


Печать