Ағымдағы жылдың 15 қараша күні «Жайықтың дара қызы – Дариға» атты әдеби кеш өтті. Кеш тізгінін осы жылдың түлектері ҚТӘ-43 тобы тізгіндеді. Кеш қонағы – Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Ы. Алтынсарин белгісінің иегері, Қазақстан Рсепубликасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, бірнеше жыр жинақтарының авторы, талай жас талапкер балапандарға ұстаздық еткен жетекші, айтыскер ақын Дариға Мұштанова Ғазезқызы. Студенттер ақынмен танысып, ақыл сөздерге қанық болды. Әрбір шығарманың шығарылу тарихын біліп, қызықты мәліметтерге толы кеш болды.
Жайықтың дара қызы – Дариға!
News - ОП: образовательные программы подготовке учителей по языкам и литературе