Филология факультетінің 1 курс студенті жеңіспен оралды

«Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Жас көшбасшылар платформасы» — Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 150 жас көшбасшыға арналған оқыту бағдарламасы. Бұл платформа 2024 жылдың 18-19 желтоқсанында Астанада қаласында өтті. Екі күндік бағдарлама барысында қатысушылар көшбасшылық қабілеттерін дамытып, түрлі тренингтер мен семинарларға қатысты. Сонымен қатар, олар ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимаратында болып, заң шығару процесімен танысты. Бұл шара «AMANAT» партиясының жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған бастамаларының бірі болып табылады. «Рухтастар» жастар сыйлығы – еліміздің белсенді жастарын ынталандыру және олардың қоғамдық қызметтерге қосқан үлесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған маңызды шара. «Белсенді рухтас» номинациясы қоғамға шынайы жанашырлық танытқан, еріктілік саласында белсенділік көрсеткен жастарды марапаттау арқылы әлеуметтік жауапкершілік идеясын кеңінен таратуға бағытталған. Факультетіміздің 1 курсының студенті Сағидолла Сабыржан Дарханбекұлының «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Жас көшбасшылар платформасы» оқытуына іріктеуден өтіп және «Рухтастар» жастар сыйлығының «Белсенді рухтас» жыл белсендісі номинациясы бойынша жеңімпаз атануына байланысты марапаттау рәсіміне қатысуы біз үшін үлкен мәртебе.

20 аймақтың қатысушыларын қамтыған, 600-ден астам өтінімдер арасынан “Рухтастар” жастар сыйлығының марапаттау рәсімінде “Белсенді рухтас” «Жыл белсендісі» номинациясы бойынша М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, филология факультетінің студенті Сағидолла Сабыржан Дарханбекұлы жеңімпаз атанды.

     Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың еріктілік қызметі мен қоғамға қосқан үлесін бағалау және насихаттау. Іс-шара барысында марапаттау рәсіміне қатысу арқылы Сағидолла Сабыржанның белсенділігі мен еріктілік қызметте атқарған еңбектері атап өтілді. Іс-шара жастар арасындағы көшбасшылық қасиеттерді қолдауға және олардың қоғамдық қызметке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта студентімізге ел аузында жүрер айтулы азамат атанып, білікті маман иесі болып, биіктерді бағындыра беруін тілейміз.

       Филология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары  Альбина Аханова

 

 

 


Печать