1. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Филология ғылымы саласындағы кәсіби біліктіліктермен гуманитарлық мәдениет, этикалық және жазба нормалары бар, адамдарға, қоғамға, қоршаған ортаға қатысты қарым-қатынасты реттейтін, дамыған когнитивтік, ақпараттық, коммуникативті, конструктивті, дизайнерлік, ұйымдастыру дағдылары, ойлау мәдениеті, өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары және еңбекті ғылыми ұйымдастыру қабілеті бар магистрлерді дайындау.
Түлекке филология білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
2. Білім беру бағдарламасының біліктілік мінездемелері
2.1. Кәсіби қызметі сферасы
Ғылыми және педагогикалық бағыттағы «7М02301-Филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны бітірушілер келесі кәсіби іс-әрекеттерді атқара алады:
- орта білім беру мекемелерінің, жекелік немесе ведомстволық формасына қарамастан, барлық типтері мен түрлері;
- техникалық және кәсіби білім беру мекемелері;
- жоғары оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта дайындау институттары;
- білім беру саласының уәкілетті және жергілікті атқару ұйымдары.
ҚҰР бойынша біліктілік деңгейі – 7.
2.2 Кәсіби қызмет нысаны
«Филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламасыбойынша магистратура түлектерінің кәсіби іс-әрекетінің нысандары мыналар болып табылады: республикалық, облыстық және аудандық халыққа білім беру бөлімдері, облыстық және аудандық әдістемелік орталықтар, ҚР БҒМ бақылау-аналитикалық қызметі, республикалық, облыстық және аудандық мәдениет ұйымдары, мемлекеттік, ведомстволық (оның ішінде түрлі жеке мекемелер), жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары.
2.3 Кәсіби қызметтің пәні
«Филология:қазақ тілі» білім беру бағдарламасыбойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет пәндері мыналар болып табылады:
-қазақ тілі мен әдебиеті, әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматын қалыптастыру
2.4 Кәсіби қызмет түрлері
«7М02301-Филология: қазақ тілі» бойынша ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураны бітірушілер төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін орындай алады:
- әкімшілік-басқару;
- мәдени-ұйымдастыру;
- ғылыми-педогогикалық;
- тілтанымдық, әдеби деректермен; ұлттық кітапхана қорымен; оқу-әдістемелік әдебиеттермен; арнайы ғылыми зерттеулермен; қазіргі заманғы нормативті-құқықтық актілер мен құжаттармен жұмыс жасау.
2.5. Кәсіби қызметтің функциялары:
«Филология:қазақ тілі» білім беру бағдарламасыбойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің кәсіби қызметінің функциялары:
-Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің нысандары бейіндік даярлау бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер, орта кәсіптік оқу орындары, басқару орындары,мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер;
- Ғылыми және педогогикалық даярлау бойынша жоғары оқу орындары, кәсіптік оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.
2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
Гуманитарлық ғылым магистрлерінің кәсіби іс-әрекетінің типтік міндеттері мыналар болып табылады:
- терең теориялық білім қалыптастыру;
- әдебиеттану, әдебиет тарихы, әдебиет сыны және лингвистика саласында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- ғылыми-зерттеу әдістері мен әдістемесін терең меңгеру;
- кәсіби деңгейін көтеру;
- кәсіби белсенділікті, конструктивті-әдістемелік қызметті дамыту;
- қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді түсінетін және шеше алуға қабілетті белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру;
- тұрақты өздігінен даму және өздігінен жетілу қабілеттілігін қалыптастыру;
- жалпы білім беретін, техникалық және кәсіби оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сабақ беру;
- оқу жағдаятында әдістемелік- білім мен қолданбалы біліктілігін жүзеге асыру;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
- филология пәндері бойынша инновациялық, педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту
- ғылыми мекемелерде және білім беру беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
- зерттеу қызметінің алгоритін білу;
- филология ғылымының, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін шығармашылықпен пайдалануға қол жеткізу және қорыту;
- ізденімдік жұмыстардың оңтайлы және теріс жақтарын алдын-ала болжай білу;
- өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін шынайы бағалай білу.
2.7 Кәсіби қызметтің мазмұны
«Филология:қазақ тілі» білім беру бағдарламасыбойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару;
· студенттердің танымдық қызмет әдістерін белсенді игеруіне және білім берудің тұлғалық маңыздылығына бағыттау;
· барлық білім беру процесін студенттің тұлғасына бағыттау, оның өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзінің ашылу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
· Әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың өзін-өзі білім алуына қолайлы жағдайлар туғызу және кәсіби бағдарлау.