2019-2020 оқу жылының екінші жартыжылдығы бойынша есеп

2020 жылдың 20 қазан күні шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, магистр Э.К.Утемисованың және оқытушы, магистр А.С.Сисекешованың басшылығымен #36 ЖОББМ 11 сынып түлектерімен кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ZOOM платформасы негізінде онлайн кездесу ұйымдастырылды.
"БҚУ-ең жақсы таңдау" тақырыбында сұхбат жүргізілді. Әңгімелесу барысында университетіміздегі оқу жағдайы, білім беру гранттары, оқу ақысы, қосымша білім алу мүмкіндігі, шет елдерімен студент алмасу бағдарламалары жайында және т.б сұрақтар қойылды. Әңгімелесу барысында біздің оқытушыларымыз қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді.
#36 ЖОББМ екі 11 сыныбында 47 оқушы бар. ( 11"А"- 24 оқушы, 11 "Б"- 23 оқушы). Қазіргі таңда 6 бітіруші БҚУін таңдап отыр.
Диаграммада көрсетілгендей 11 сынып оқушыларының көп бөлігі профилдік пән ретінде: математика +физика, биология+химия пәндер тобын таңдаған. Шығармашылық эмтиханды 3 адам таңдаған.

2020 жылдың 23 қараша күні шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Р.Г.Шамгонова мен оқытушы А.Г.Утарова #1 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушылары мен ZOOM платформасында "The United Kingdom of Great Britain " тақырыбында тілдік бағытта ұйымдастырылған онлайн жоба жұмысы мен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Тілдік жоба барысында оқушыларға Ұлыбритания елдері Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия жөнінде ақпараттар ұсынып, олардың тікелей қатысуымен тілдік географиялық бағыттағы тапсырмалар орындалды. Оқушылар осы елдер жөнінде өз білімдерін ортаға салумен қатар, көптеген жаңа ақпараттар алып, жоба барысында өз белсенділіктерін танытты.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларына М.Өтемісов атындағы БҚУ туралы толық мағлұматтар беріліп, университет мамандықтары жөнінде ақпараттық парақтар жіберілді. Оқушылардың сұрақтары бойынша жауап берілді. Сондай-ақ, оқушылармен арнайы дайындалған сауалнама жүргізілді.
Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Жанғаным Наурызовна және 11 сынып жетекшілерімен мектеп түлектерінің жоспарлары туралы,оқушылардың қандай пәндер және қандай мамандықтар таңдап отырғаны туралы сұхбат болды.
11 сынып талапкерлері әр-түрлі мамандықтарға география, әдебиет, физика, информатика,шет тілі мамандығына барғысы келетінін айтса, екіншілері спорт, өнер мамандықтарына қызығушылықтарын білдірді.
Сонымен қатар кездесуге мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Жұлдыз Төлегенқызы мен сынып жетекшісі Айжан Қанатқызы қатысып, сұрақтар қойды. Сауалнамаға барлығы 50 оқушы қатысты. Оқушылар тарапынан әлі де ЖОО таңдауда нақты шешім жасамағандарын айтты.
"Көптілділік- заман талабы" атты тақырыпта 11 сынып оқушыларына арналған апталық өтті.(21-25 желтоқсан). Апталықта 1 курс үздік студенттері Жансая Ахатова, Мерей Испанова, Анар Салекешевалар қатысып, өздерінің презентацияларын дайындап, көрсетіп, жан-жақты сұрақтарға жауап беріп, аталмыш тақырыптарға байланысты ой салып, пікірталас жүргізді. Оқушылар студенттердің ойларымен бөлісіп, қызығушылықтары артты.

2020 жылдың 30-шы қазан күні # 36 ЖОББМ-де ZOOM платформасында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрлары Э.К.Утемисова мен А.С.Сисекешованың басшылығымен ИЯ-12 мен ИЯ-45 "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының студенттері "In the World of English proverbs" атты интеллектуалды ғылыми проектын өткізді.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын тауып, әртүрлі бірақ мағыналары жағынан бірдей немесе ұқсас мақал-мәтелдерді тауып, оларды талқылады.
ИЯ-12 тобының студенттері БҚМУ бойынша экскурс өткізіп, БҚМУ туралы ең маңызды ақпарат жеткізді.
ИЯ-45 тобының студенттері француз және неміс тілдерінде шетел тілдері бөлімі және біздің университетіміздің тарихы жайында айтып өтті.
Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге ағылшын тілі пәнін таңдаған оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында 11 сынып оқушыларының қатысуымен ойын өткізілді.

 


Печать