2020 жылдың 30-шы қазан күні № 36 ЖООБМ-ның 11-сынып оқушыларымен «In The World of English proverbs» атты интеллектуалды ғылыми жоба өткізілді. Жобаны ZOOM платформасында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Э.К. Утемисова мен оқытушы А.С. Сисекешова және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының ИЯ-22 және ИЯ-45 студенттері өткізді.
Жобаның мақсаты: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын тауып, іздену және әртүрлі бірақ мағыналары жағынан бірдей немесе ұқсас мақал-мәтелдерді тауып, оларды талқылау болды.
Ең алдымен ИЯ-22 тобының студенттері БҚУ бойынша экскурсия өткізіп, БҚМУ туралы ең маңызды ақпарат жеткізді. ИЯ-45 тобының студенттері француз және неміс тілдерінде шетел тілдері бөлімі және біздің университетімідің тарихы жайында айтып өтті.
Содан соң оқушылардың көңіл-күйін көтермелеп, қызығушылығын арттырып; олардың ағылшын,қазақ және орыс тілдерінің деңгейін анықтап; орыс тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға деген бейімділігін; қазақша, орысша және ағылшынша мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндерін анықтап; жалпы дүниетанымын; Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге ағылшын тілі пәнін таңдаған оқушылардың осы пәнге деген жалпы дайындығын анықтау мақсатында 11 сынып оқушыларының қатысуымен ойын өткізілді.
Сонымен қатар, БҚУ-дағы оқу уақытындағы және оқудан тыс студенттік өмір жайында ИЯ-12 студенттері дайындаған бейнебаян көрсетілді.
2020 жылдың 23 қараша күні №1 ЖОББМ-ның 11 сынып оқушыларымен ZOOM платформасында “The United Kingdom of Great Britain” тақырыбында тілдік бағытта ұйымдастырылған онлайн жоба жұмысы жүргізілді.Жоба жұмысын кафедраның аға оқытушысы Р.Г. Шамғонова мен оқытушы А.Г. Утарова жүргізді. Алдымен амандасу сәтінен кейін Шамгонова Р.Г. оқушыларға ағылшын тілінде Ұлыбритания жөнінде презентация көрсету арқылы қызықты ақпарат берді. Тілдік жоба барысында оқушыларға Ұлыбритания елдері Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия жөнінде ақпараттар ұсынылып, олардың тікелей қатысуымен тілдік-географиялық бағыттағы тапсырмалар орындалды. Оқушылар осы елдер жөнінде өз білімдерін ортаға салумен қатар, көптеген жаңа ақпараттар алып, жоба барысында өз белсенділіктерін танытты.
2020 жылдың 21-25 желтоқсан күндері аралығында №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясында «Көптілділік-заман талабы» атты тақырыпта өткен 11 сынып оқушыларына арналған апталық өтті. Апталықты кафедра оқытушылары С.Б. Бекмухамбетова мен Д.С. Саркулова өткізді.
Апталықтың жоспары:
№ п/п |
Шаралар |
Өткізу |
Өткізу уақыты |
Қатысушылар |
1. |
Сауалнама (Сіздің таңдауыңыз -БҚУ) |
Презентация Жарнамалар
|
21.12.2020ж. |
11 сынып |
2. |
«The Advantages of foreign language in the modern world» |
Сабақ - Презентация |
22.12.2020ж.
|
11 сынып |
3. |
«Инновационные технолгии в изучении иностранных языков» |
Сабақ - Презентация |
23.12.2020ж.
|
11сынып
|
4. |
«Көптілдік – заман талабы» («Полиязычие - основа формирования поликультурной личности») |
Баяндама және Пікірталас
|
24.12.2020ж.
|
11 сынып |
5. |
«The kingdom of three languages |
Сұрақ-жауап |
25.12.2020ж.
|
11 сынып |
Апталықта 1 курс үздік студенттері Жансая Ахатова,Мерей Испанова, Анар Салекешевалар қатысып, өздерінің презентацияларын дайындап, көрсетіп, жан-жақты сұрақтарға жауап беріп,аталмыш тақырыптқа байланысты ой салып, пікірталас жүргізді.Оқушылар студенттердің ойларымен бөлісіп, қызығушылықтары артты.Тұңғыш Президентіміздің жастарға әрқашанда жол ашықтығын айтып, жалындап , жан-жақты өздерін көрсетуге мүмкіндіктері мол екені сөз болды.
Құрастырған:
Аға оқытушы, магистр А. Б. Насимуллина
Кафедра меңгерушісінің м.а. Л.Ж. Кажыгереева